27.03.2015

Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

      «Темiржол көлiгі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiліп отырған Темiржол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрiлген күзетін қамтамасыз ету қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ________________ Қ. Қасымов
      2015 жылғы 3 сәуір

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму    
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы    
№ 365 бұйрығымен бекітілді  

Темiржол көлiгімен жүктерді тасымалдау кезінде әскерилендiрілген күзетті қамтамасыз ету қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Темiржол көлiгiмен жүктердi тасымалдау кезiнде әскерилендiрілген күзетті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Темiржол көлiгі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағының 34-4) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және темiржол көлiгiмен жүктердi тасымалдау кезінде әскерилендiрілген күзетті қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Қағидалардың әрекетi әскери және арнайы тасымалдарға қолданылмайды.
      3. Осы Қағидалардағы ұғымдар Қазақстан Республикасының «Темiржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы және «Күзет қызметi туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы заңдарында айқындалған мағынада пайдаланылады.
      4. Теміржол көлiгімен тасымалдау кезiнде әскерилендiрілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердi күзетудi тасымалдаушы не жүк жөнелтушi жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша қамтамасыз етедi.
      5. Темiржол көлігімен тасымалдау кезiнде әскерилендiрілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тiзбесi Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-І бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3931 нөмірмен тіркелген) бекiтілген.
      6. Жүктердi күзетудi «Күзет қызметi туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілер жүргiзедi.
      7. Акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсіпорындар және акционерлiк қоғамдар болып табылатын ұлттық тасымалдаушы, тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушiлер және олармен аффилиирлендірілген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес күзет қызметтерін күзет қызметi субъектiлерiнен сатып алады.
      8. Халықаралық қатынаста тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетуге жататын жүктердi күзету Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес, сондай-ақ тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi басқа мемлекеттердiң тасымалдаушыларымен жасасатын шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Жүктерді әскерилендірілген күзетпен қамтамасыз ету тәртібі 1-параграф. Тасымалданатын жүктерді күзетуді ұйымдастыру

      9. Күзетуге берiлген жүктердiң маңыздылығын, құндылығын және қауiптiлігін ескере отырып, күзет ұйымы оларды күзетудiң мынадай тәсiлдерiн қолдануы мүмкiн:
      1) жүру жолындагы жекелеген темiржол станцияларында күзетшiлердi ауыстыра отырып жүктердi күзетуге тағайындалған күзетшiлер тобының (бұдан әрi – наряд) бiрге алып жүруi;
      2) жөнелту станциясынан баратын станциясына дейiнгі жүру жолында жүктердi күзетудi жүзеге асыратын нарядтардың бiрге алып жүруi (жол бойы алып жүруi);
      3) аралық станцияларда күзетшілер нарядын қою (жедел–маневрлік нысан).
      10. Сапар жолында жүктерді күзетудi басқа күзет түрімен үйлесімде атыс қаруымен қаруланған бiр және одан да көп күзетшi жүзеге асырады.
      11. Құрамында екі және одан да көп күзетшi наряды бөлiнген жағдайда олардың бiреуi наряд жетекшiсi болып тағайындалады.
      12. Бағыттарды жол бойы алып жүруге арналған күзет нарядының сандық құрамын осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетiлген талаптарды ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 5 сәуiрдегi № 407 қаулысымен белгiленғен сан нормативтерi шегiнде күзет ұйымы белгiлейдi.
      13. Жүру жолында күзет нарядтарының ауысуы қару-жарақ бөлмесiмен жабдықталған, нарядтарды ауыстыруға арналған, күзет ұйымы алдын ала белгiлеген поездық локомотивтік бригадалардың ауысуы жүргiзiлетiн темiржол станцияларындағы күзет ұйымының объектiлерiнде (бұдан әрi – ауысым пунктi) жүргiзiледi.
      14. Әскерилендiрiлген күзетуге жататын жүктердi үздiксiз бiрге алып жүрудi қамтамасыз ету жөнiндегi нарядтардың iс-әрекеттерiн үйлестіруді күзет ұйымы өз бетiмен жүзеге асырады.
      15. Әскерилендiрiлген күзетуге жататын жүктердi тасымалдау кезiнде тасымалдау құжаттарын ресiмдеу ерекшелiктерi «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағының 34-15) тармақшасына сәйкес бекітілген жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларымен айқындалады.
      16. Поездарды жасақтау кезiнде және жүру жолында күзетiлетiн вагондармен жасалатын алдағы маневрлiк жұмыс туралы темiржол станциясының қызметкерлерi наряд жетекшiсiне маневрлер басталғанға дейiн ескертедi.

2-параграф. Жүктері бар вагондарды күзетуге қабылдау

      17. Нарядтың жүктерi бар вагондарды күзетуге қабылдауы тасымалдаушының жүк жөнелтушіден вагондарды қабылдау орындарында поезд жөнелтiлгенге дейiн 2 сағаттан кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.
      18. Вагондар мен жүктердi күзетуге қабылдауды наряд жетекшiсi тасымалдаушы немесе жүк жөнелтуші өкiлiнiң қатысуымен, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темiржол станциясында тасымалдаушының өкiлi жүргiзетін станцияда жүктерi бар вагондарды күзетуге тапсыруды есепке алу кiтабында наряд жетекшiсiнiң қол қоюымен жүргiзедi.
      19. Әскерилендiрiлғен күзеттiң бiрге алып жүруіне жататын жүктерi бар вагондарды күзетуғе қабылдау және беру туралы мәлiметтердi наряд жетекшiсi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша жүру жолында жүктердi әскерилендiрiлген күзетудiң бағыт қағазында және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзеттің ауысым пунктiнде жүргiзілетiн күзет нарядтарының жүктерi бар вагондарды тапсыруын және қабылдауын есепке алу кiтабында тiркейдi.
      20. Ашық жылжымалы құрамдағы вагондарды, жүктерді күзетуге қабылдау кезiнде наряд жетекшiсi жүктер, едендер, люктер, төменгi және жоғарғы төгу приборлары, бұраулар мен пломбалары бекiтілуiнiң жарамдылығын, ашық жылжымалы құрамдағы жүк орындарының жарамдылығын тексередi. Адамдардың өмiрiне, жүктердiң немесе жылжымалы құрамның сақталуына қауiп төндiретiн ақаулар анықталған кезде вагондарды күзетуге қабылдамайды, ақауларды жоюды талап етедi және бұл туралы күзет ұйымының өкiлiне немесе темiр жол станңиясының бастығына баяндайды.

3-параграф. Жүру жолында жүктерді әскерилендiрiлген күзету

      21. Күзет нарядтарының күзетілетiн жүктерi бар вагондарды ауысым пункттерiнде қабылдауы және тапсыруы поездың темiржол станциясында тұрған уақыты iшiнде жүру жолында жүктердi әскерилендiрiлген күзетудің бағыт қағазында және күзет нарядтарының жүктерi бар вагондарды тапсыруы мен қабылдауын есепке алу кiтабында қол қоюымен жүргiзіледi.
      22. Жүктерi бар вағондарды күзету кезiнде наряд «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес қаруды және арнайы құралдарды қолданады.
      23. Вағоннан немесе контейнерден бекiту-пломбалау құрылғыларының жұлынғаны, жүктер, едендер, люктер, төменгі және жоғарғы төгу приборлары, ашық жылжымалы құрамдағы жүк орындары бекiтілуiнiң ақаулары анықталған жағдайда, наряд жетекшiсi осы және басқа да оқиғалар туралы күзет ұйымының және тасымалдаушының өкілдеріне хабарлайды. Бұл ретте вагонды не контейнердi тасымалдаушының өкiлiне не жүк жөнелтушiғе тапсырғанға дейiн наряд жүктiң күзетілуiн қамтамасыз етедi.
      Тасымалдаушы көрсетілген оқиғалар туралы көлiктегi iшкi iстер органдарын хабардар етедi.
      24. Поезға қатер төндiретiн қауiптi (буксалар мен жүктің өртенуi, жылжымалы құрамның рельстен шығуы және т.б.) жағдайда наряд жетекшiсi локомотив бригадасымен бiрлесіп, қауiптіліктi жою үшiн ықтимал шараларды қабылдайды. Наряд оқиға болған жердi қарауға және қауiптiлікті жоюға келген лауазымды тұлғалардан басқа ешкiмдi оқиға болған жерге және жүктерғе жiбермейдi.
      25. Күзетілетiн вагондары бар поезд аралық станңияда локомотивсiз уақытша қалдырылған жағдайда, наряд жетекшiсi бұл туралы күзет ұйымына кешіктiрмей хабарлайды. Қажетті жағдайларда күзет ұйымы жүктерi бар вағондарды тәулiк бойы күзетудi ұйымдастыру үшiн көрсетiлғен станцияға қосымша наряд жiбередi.

4-параграф. Жүктерi бар вагондарды тапсыру

      26. Поезд баратын темiржол станциясына келгенде наряд күзетiлетін жүктерi бар вагондарды ауысым наряды, тасымалдаушының темiржол станциясындағы өкiлi немесе жүктi алушы оларды қабылдағанға дейiн қалдырмайды.
      27. Тасымалдаушы немесе жүк алушы жүктерi бар вагондарды қабылдағаннан кейiн бұл туралы жүру жолында жүктердi әскерилендiрілғен күзетудiң бағыт қагазына белгi жасайды.

5-параграф. Темiржол көлiгiнде ықтимал құқыққа қарсы
әрекеттерді анықтау және оларды алдын алу

      28. Темiржол көлiгiмен тасымалданатын жүктердi күзетудi жүзеге асыру үшiн күзет қызметiнiң субъектiсi диверсиялық және террористік қатерлерден күзетілетін объектілердiң қорғалу деңгейiн арттыру, темiржол көлiгiндегi құқыққа қарсы актiлердi анықтау және олардың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi және орындалуын қамтамасыз етедi және оларды «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аумақтық iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiседi.
      29. Темiржол көлiгіндегi құқыққа қарсы актiлердi анықтау және олардың алдын алу жөнiндегі iс-шаралар алдын алу шараларын өткiзудi, күзетшiлердiң жеке қорғану шараларын, қысылтаяң жағдайлардағы және шұғыл көшiру кезiндегi iс-әрекеттердi, сонымен қатар тиiстi мемлекеттік орғандарды хабардар ету тәртiбiн көздейдi.

Теміржол көлігімен жүктерді 
тасымалдау кезінде      
әскерилендірілген күзетті  
қамтамасыз ету қағидаларына 
1-қосымша         

Нысан

____________ станциясында жүктері бар вагондарды
күзетуге тапсыруды есепке алу кітабы

Поездың келу  уақыты

Поездың нөмірі

Вагонның нөмірі

Жүктің түрі

Станцияның қызметкері тапсырды (лауазымы, тегі, қолы, күні, сағаты)

Наряд жетекшісі қабылдады (лауазымы, тегі, қолы, күні, сағаты)

Қабылданған вагондардың жай-күйі туралы белгі

Күні

Сағаты

1

2

3

4

5

6

7

8

















































Теміржол көлігімен жүктерді 
тасымалдау кезінде      
әскерилендірілген күзетті  
қамтамасыз ету қағидаларына 
2-қосымша         

Нысан

Жүру жолында жүктерді әскерилендірілген күзетудің
№___ БАҒЫТ ПАРАҒЫ

т.ж __________________ станциясынан
т.ж _____________ станциясына дейін

Нарядтардың жұмысы

Көрсеткіштер

Күні мен айы

Уақыты

Ауысым пунктінің мөртабаны

Күзет ұйымы өкілінің қолы

Сағат

Минут

Наряд кетті






Наряд кетті






Наряд кетті






Наряд кетті






Наряд кетті






Наряд кетті






Наряд кетті






Наряд кетті






Наряд кетті






Наряд кетті






Жұмыс қорытындылары

Көрсеткіштер

Уақыты

Күзет ұйымы өкілінің қөлы

Сағат

Минут

Қарауыл үй жайында күту




Поездарды бірге алып жүру




Ауысым пунктінде демалу




Резервпен қайта оралу




Станция паркінде жүктерді күзету




Жедел жұмыс




Пикет қызметі




Барлығы:




      Жүру жолында нарядтарды тексеру туралы белгі үшін

Нарядтардың құрамы

Лауазымы

Тегі, аты, әкесінің аты

Қарудың түрі

Қару №













      Нарядтармен бірге аттары мынадай қызметтік иттер жүреді________
      М.О     Станңиядағы күзет ұйымының өкілі_______________________
      _______ жылғы «___» ______________

Нұсқама алғаны туралы белгілер

Қолхат

Баратын жері:_____ күні поездың №___

Вагон №

Жүктің түрі

Жүктерді қабылдау және тапсыру нәтижелері туралы белгі































      Күзет ұйымының өкілдері:
      ________ станциясындағы              ___________ станциясындағы
      (ауысым пунктінің мөртабаны және                (ауысым пунктінің мөртабаны және
      лауазымдық тұлғаның Т.А.Ә.А)                    лауазымдық тұлғаның Т.А.Ә.А)

Қолхат

Қайтуы:_____ күні поездың №___

Вагон №

Жүктің түрі

Жүктерді қабылдау және тапсыру нәтижелері туралы белгі































      Күзет ұйымының өкілдері:
      ________ станциясындағы              ___________ станциясындағы
      (ауысым пунктінің мөртабаны және                (ауысым пунктінің мөртабаны және
      лауазымдық тұлғаның Т.А.Ә.А)                    лауазымдық тұлғаның Т.А.Ә.А)

Теміржол көлігімен жүктерді 
тасымалдау кезінде      
әскерилендірілген күзетті  
қамтамасыз ету қағидаларына 
3-қосымша        

Нысан

Күзету нарядтарының жүктері бар вагондарды тапсыруы
мен қабылдауын есепке алу кітабы

Келуі

Поездың келу уақыты

Поездың нөмірі

Вагонның нөмірі

Жүктің түрі

Тапсырды (лауазымы, тегі, қолы, күні, сағаты)

Қабылдады (лауазымы, тегі, қолы, күні, сағаты)

Қабылданған вагондардың жай-күйі туралы белгі

Күні

Сағаты

1

2

3

4

5

6

7

8

















































(кестенің жалғасы)

Кетуі

Поездың кету уақыты

Поездың нөмірі

Қабылдады (лауазымы, тегі, қолы, күні, сағаты)

Тапсырды (лауазымы, тегі, қолы, күні, сағаты)

Поездың жөнелтілуі және жай-күйі туралы кімге хабарланды

Поездың көршілес ауысым пунктіне келген уақыты, вагонның (жүктің) жай-күйі

Күні

Сағаты

9

10

11

12

13

14

15












































Дата вступления в силу:  14.05.2015
Дата изменения акта:  27.03.2015
Дата принятия акта:  27.03.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 12.06.2015 ж.; "Егемен Қазақстан" 03.09.2016 ж. № 169 (28897); "Казахстанская правда" от 03.09.2016 г. № 169 (28295)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103035000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  90161
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  365
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  009002000000 / 031009000000
Форма акта:  ПРИК / ПРАВ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz