"Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10917 тіркелді

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2009 жылғы 10 ақпандағы № 20 (1443) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларында:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемдері:
      1) шет тілін білу деңгейі;
      2) білім туралы құжаттың орташа балы;
      3) білім алушылардың академиялық кезеңнің қорытындысы бойынша ағымдағы үлгерімі.».
      2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.К. Шаймарданов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                  А. Сәрінжіпов