27.02.2015

Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлар

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 691 бұйрығымен.

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 14-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                      Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 141 бұйрығымен   
бекітілген      

Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының
(жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан
да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен
үлестес заңды тұлғалар кейіннен қайта өңдеу мақсатында
сатып алатын тауарлардың тізбесі

      1. Ауыл шаруашылық тауарлары:
      1) бидай және меслин:
      қатты бидай;
      егіске арналған спельта;
      басқа да спельталар, жұмсақ бидай және тұқымдық меслиндер;
      2) қара бидай;
      3) арпа;
      4) шитті мақта;
      5) таралмаған мақта талшығы;
      6) мақта талшығы, таралған немесе тарақпен таралған;
      7) мақта тұқымы;
      8) рапс, рапс тұқымы.
      2. Өнеркәсіп тауарлары:
      1) тантал сынығы;
      2) қара және түсті металдар мен олардың қорытпалары;
      3) қара және түсті металдар мен олардың қорытпаларынан жасалған бұйымдар:
      жазық (табақ, таспа, фольга), сұрыптық (шеңбер, шыбық, бұрыш, төрт бұрыш, алты қырлы, швеллер, тавр, двутавр) илектер, құбырлар, түтікшелер;
      4) сүрек, ағаш материалдары;
      5) мұнай;
      6) этилбензол;
      7) стирол;
      8) пентан;
      9) изо-пентан.


Дата вступления в силу:  08.04.2015
Дата изменения акта:  28.12.2015
Дата принятия акта:  27.02.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі, 29.04.2015 ж.; "Егемен Қазақстан" 13.08.2015 ж. № 153 (28631); "Казахстанская правда" от 13.08.2015 г. № 153 (28029)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103002000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  88546
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  141
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  005001000000
Форма акта:  ПРИК / ПРЧ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz