25.02.2015

Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ҚР ДСМ-293/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына және 150-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ___________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 25 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№130 бұйрығымен
бекітілген

Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.05.2020 № ҚР ДСМ-45/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Инфекциялық аурулардың атауы

1.

Оба

2.

Тырысқақ

3.

Сары қызба

4.

Вирустық геморрагиялық қызбалар

5.

Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС)

6.

Вирустың жаңа кіші типі тудырған адамның тұмауы

7.

Вирустың жаңа кіші типі тудырған коронавирустық инфекция



Дата вступления в силу:  26.03.2015
Дата изменения акта:  21.12.2020
Дата принятия акта:  25.02.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 08.04.2015 ж.; "Егемен Қазақстан" 28.04.2016 ж. № 80 (28808); "Казахстанская правда" от 28.04.2016 г. № 80 (28206)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103033000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  88161
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  130
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  024002000000
Форма акта:  ПРАВ / ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz