Зеленов аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 20-2 "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 қарашадағы № 29-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 қарашада № 3698 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 31-8 шешімімен

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына сәйкес және Қордай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 10 қазандағы № 02/246 ұсынысы негізінде ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұсақ мүйізді малдарының бруцеллезден эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Қасық ауылдық округі Қасық ауылының аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы П. Жетыгеноваға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкіміА. Әбдібаев