Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 4 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ве

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 мамырда № 3540 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 30.05.2016 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 4 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3174 тіркелген, 2013 жылғы 14 ақпандағы "Жайық таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылының аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.";
      2-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қарауылтөбе ауылдық
      округінің әкімі Ғ. Ихсан