Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 1195 "Орал қаласы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қазандағы № 2622 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қазанда № 3661 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 988 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 20.03.2015 № 988 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 1195 «Орал қаласы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-208 тіркелген, 2001 жылғы 24 маусымдағы «Жайық үні» газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілісін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы келесі мазмұндағы реттік нөмірі 10 жолмен толықтырылсын:
      «10. Мүгедек балаларды тәрбиелеуші (асырап алушылар, қамқоршы, қорғаншы) ата-аналар.».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Қ. Сатыбалдиевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қала әкімі

А. Көлгінов