"2014-2016 жылдарға арналған Зырян ауданының бюджеті туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 27/2-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2014 жылғы 04 шілдедегі N 32/2-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 шілдеде N 3411 болып тіркелді. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихаты аппаратының 2015 жылғы 05 қаңтардағы N 04-09-01 хаты)

      «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне 2014 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға байланысты жұмыстар жүргізуге Ақмола облысының әкімдігіне аудару үшін 929471490 (тоғыз жүз жиырма тоғыз миллион төрт жүз жетпіс бір мың төрт жүз тоқсан) теңге, оның ішінде:
      1) нысаналы даму трансферттері түрінде Атбасар қаласында тұрғын үйлер мен инженерлік-коммуникаңиялық инфрақұрылымды салу үшін 809298320 (сегіз жүз тоғыз миллион екі жүз тоқсан сегіз мың үш жүз жиырма) теңге;
      2) ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде Атбасар ауданының Атбасар қаласында және Борисовка, Покровка, Садовое ауылдарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын талап ететін үйлерді қалпына келтіру үшін 120173170 (бір жүз жиырма миллион бір жүз жетпіс үш мың бір жүз жетпіс) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2014 № 1381 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов