Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шардара аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 20-128-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2416 тіркелген, 2013 жылдың 09 желтоқсанындағы "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Әлеуметтік көмек мынадай мереке күндеріне көрсетіледі:
1) 15 ақпанда (Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылған күні) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғаныстанға жіберілген әскери міндеттілер, ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғаныстанға жіберілген автомобиль ботальондарының әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғаныстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері, Ауғаныстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге, біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) 26 сәуірде (Чернобыль атом электрстанциясы апатының құрбандарын еске алу күні)-1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға, біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) 8 наурыз "Халықаралық әйелдер күніне" орай - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тылда еңбек еткен ардагер әйелдерге, көп балалы аналарға, біржолғы 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 21-23 Наурызда (Наурыз мейрамы) - мұқтаж аз қамтамасыз етілген отбасыларына, әлеуметтік маңызы бар туберкулез ауруы бар адамдарға, біржолғы 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) 7 мамыр "Отан қорғаушы күні" - жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер, біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар, біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) 9 мамыр "Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне" орай-Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасылары, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн (қызмет мiндеттерiн) атқару кезiнде жаралану, контузия алу немесе зақымдану нәтижесiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, партизандардың, астыртын күрес жүргiзгендердiң, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңның 5, 6, 7 және 8-баптарында көрсетiлген адамдардың отбасыларына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алудың нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) 1 маусым "Балаларды қорғау күніне" орай – үйде оқып және тәрбиеленетін мүгедек балаларға, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) "Отбасы күні" мерекесіне –Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалары бар отбасыларға, жалғызілікті қарттарға Ұлттық телехабар тарату қызметіне қосылуын қамтамасыз ету мақсатында біржолғы әлеуметтік көмек ретінде 13,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) 1 қазан "Халықаралық қарттар мен мүгедектер күніне" орай – 80 жастан асқан қарттарға, мүгедектерге, жалғызілікті зейнеткерлерге, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
9 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) жұқтырған иммундық тапшылықтың синдромы балаларында бар отбасыларына (кәмелетке толған соң індет жұқтырған азаматтарға) ай сайын 21,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
9 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"6) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар, басылымдарға жазылу үшін жартыжылдықта бір рет 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
9 тармағы мына мазмұндағы 11) тармақшасымен толықтырылсын:
"11) әлеуметтік такси қызметін ұсынуға –Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп тұруы қиын бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін ай сайын 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ғ.Раманқұл |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т.Бердібеков |