Арыс қалалық мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 19/114-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 36/214-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қаңтарда № 2962 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/17-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 20.06.2016 № 3/17-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілед).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Арыс қалалық мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 19/114-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2386 тiркелген, 2013 жылғы 9 қарашадағы "Арыс ақиқаты" газетiнде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
       7 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      1) 8 наурызда (Халықаралық әйелдер күні) - "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) 9 мамыр "Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне" орай - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерiне біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, соларға теңестірілген адамдарға және тыл еңбеккерлеріне біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) 1 маусым "Балаларды қорғау күніне" орай – үйде оқып және тәрбиеленетін мүгедек балаларға біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) 1 қазан "Халықаралық қарттар мен мүгедектер күніне" орай – 80 жастан асқан қарт адамдарға, мүгедектерге, жалғызілікті зейнеткерлерге біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) жаңа жылдық шыршаға мүгедек балаларға біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
       9 тармақтың 4) және 6) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
      4) Адамның Имун Тапшылығының Вирусы жұқтыру немесе Жұқтырылған Имун Тапшылығының Синдром ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінан болған олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, ай сайын 21,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;".
      "6) мерзімді баспасөз басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен ардагерлеріне, батыр аналар, мүгедектерге, мұқтаж жауынгер –Ауғандықтарға, Чернобыль АЭС-ның апатын жоюға қатысушыларына біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жартыжылдықта;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы,
      мәслихат хатшысы Т.Тулбасиев