Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 01 шілдедегі № 208 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 шілдеде № 2720 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 203 қаулысымен

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорын жарғысын бекітуге беруді;
      2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де іс-шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов