Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10а және Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 11-V "Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 384 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 353-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда № 3094 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті ХХІХ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10а және Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 11-V "Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2609 тіркелген, 2012 жылғы 28 ақпандағы "Атырау" газетінде жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілсін:
      1) атауы келесі редакцияда жазылсын:
      "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншiкке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы";
      2) 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншiкке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары белгіленсін.";
      3) қосымшасында:
      атауы келесі редакцияда жазылсын:
      "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншiкке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары";
      "1060" деген сандар "2240" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Т.Б. Мұхатановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Ә. Бекқожиева
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов
      Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов