"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауда

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 34-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда N 3071 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты 2015 жылғы 23 желтоқсандағы N 45-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты 23.12.2015 N 45-5 шешімімен (1.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 22-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2554 тіркелген, аудандық "Мағжан жұлдызы" газетінде 2014 жылғы 21 ақпанда, аудандық "Вести" газетінде 2014 жылғы 21 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "7. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, еселігі, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайтуындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленетін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы негіздеме болып табылады.
      Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелердің тізбесі:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдардың тіс протездеуге кіріс есебінсіз тапсырылған шот-фактура құнының мөлшерінде (қымбат металдан және металл керамика, металл акрилден жасалған протездерден басқа) жылына бір реттен артық емес мұқтаждығы;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдардың Қазақстан Республикасының санаторийлері мен профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге кіріс есебінсіз санаторлық-курорттық емделу құнының мөлшерінде жылына бір рет мұқтаждығы;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерге төлемге және отын сатып алуға кіріс есебінсіз екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы өтемақыға мұқтаждығы (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап);
      туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдардың тоқсан сайын кіріс есебінсіз 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде денсаулық сақтау мекемесінен анықтама және тізім көрсетуі бойынша мұқтаждығы. Әлеуметтік көмек төлемі өткен айға жүргізілсін.
      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.";
      көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Б. Әміренова
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының хатшысы
Т. Әбілмәжінов
КЕЛІСІЛДІ
 
Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
Е. Сұлтанов
 

      

 
2014 жылғы 23 желтоқсан Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 34-2 шешіміне қосымша
 
 
 
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері


 
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі
 
Әлеуметтік көмектің еселігі және мөлшері (айлық есептік көрсеткіште)
 
15 ақпан – "Ауғанстаннан әскерді шығару күні"
 
1
 
Бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министірлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапаттталған жұмысшылар мен қызметшілер.
 
Жылына 1 рет, 15
 
2
 
Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.
 
Жылына 1 рет, 15
 
3
 
Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер.
 
Жылына 1 рет, 15
 
4
 
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы.
 
Жылына 1 рет, 15
 
5
 
1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүріп жатқан басқа да мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер.
 
Жылына 1 рет, 15
 
6
 
Бұрынғы КСР Одағы Мемлекетқауіпсіздігі комитетінің Ауғанстанда уақытша болған және совет әскерлерінің шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшілері.
 
Жылына 1 рет, 15
 
8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні"
 
1
 
"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", І, ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған және бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар.
 
Жылына 1 рет, 5
 
26 сәуір – "Чернобыль атом электр стансасындағы апатты еске алу күні"
 
1
 
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар.
 
Жылына 1 рет, 15
 
2
 
Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.
 
Жылына 1 рет, 15
 
3
 
Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы.
 
Жылына 1 рет,15
 
4
 
Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе қайтыс болуы белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасы.
 
Жылына 1 рет, 15
 
5
 
1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдар.
 
Жылына 1 рет, 15
 
9 мамыр – "Жеңіс күні"
 
1
 
 
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
 
Жылына 1 рет, 50 (2015 жылғы 9 мамырды қоспағанда)
 
2
 
Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.
 
Жылына 1 рет, 5
 
3
 
Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда болған адамдар.
 
Жылына 1 рет, 5
 
4
 
Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болған адамдар.
 
Жылына 1 рет, 5
 
5
 
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар.
 
Жылына 1 рет, 5
 
6
 
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері.
 
Жылына 1 рет, 5
 
7
 
Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар.
 
Жылына 1 рет, 5
 
8
 
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары.
 
Жылына 1 рет, 5
 
9
 
Әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар.
 
Жылына 1 рет, 5
 
10
 
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украин ССР-і, Беларусь ССР-і, Литва ССР-і, Латыш ССР-і, Эстон ССР-і аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқаруы кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.
 
Жылына 1 рет, 5
 
11
 
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергілікті әуе қорғанысы объектілерінің өзін-өзі қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының гопитальдері мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердің отбасы.
 
Жылына 1 рет, 5
 
12
 
Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (ерлері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (ерлері).
 
Жылына 1 рет, 5
 
13
 
Ұлы Отан соғыс жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар.
 
Жылына 1 рет, 5 (2015 жылғы 9 мамырды қоспағанда)
 
2015 жылғы 9 мамыр – "Жеңіс күні"
 
1
 
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
 
Жылына 1 рет, 100
 
2
 
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар.
 
Жылына 1 рет, 25
 
7 мамыр – "Отан қорғаушылар күні"
 
1
 
Бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлігіне, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери міндетін өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы.
 
Жылына 1 рет, 5
 
2
 
Бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы.
 
Жылына 1 рет, 5
 
 
31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні"
 
1
 
 
Бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдар.
 
Жылына 1 рет, 15
 
2
 
Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын-сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдар мына төмендегі жағдайларда танылады:
а) бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (жай адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндердің қолдануы;
г) қуғын-сүргіндерді орталық одақтық органдар: КСРО Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, КСРО Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСРО Iшкi iстер халық комиссариаты – Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, КСРО Прокуратурасы мен КСРО ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешімдері бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылсы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.
 
Жылына 1 рет, 15
 
3
 
КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының құжаттары негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар.
 
Жылына 1 рет, 15
 
4
 
Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары.
 
Жылына 1 рет, 3
 
 
30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні"
 
1
 
Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтары.
 
Жылына 1 рет, 10