"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауда

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2014 жылғы 13 тамыздағы N 30-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 қыркүйекте N 2934 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты 2015 жылғы 23 желтоқсандағы N 45-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты 23.12.2015 N 45-5 шешімімен (1.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 22-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2554 тіркелген, аудандық "Мағжан жұлдызы" газетінде 2014 жылғы 21 ақпанда, аудандық "Вести" газетінде 2014 жылғы 21 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      көрсетілген қағидалардың 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "7. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, еселігі, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;
      3) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейінде еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы негіздеме болып табылады.
      Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелердің тізбесі:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тіс протездеуге кіріс есебінсіз тапсырылған шот-фактура құнының мөлшерінде (қымбат металдан және металл керамика, металл акрилден жасалған протездерден басқа) екі жылда бір реттен артық емес мұқтаждығы;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің Қазақстан Республикасының санаторийлері мен профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге кіріс есебінсіз санаторлық-курорттық емделу құнының мөлшерінде жылына бір рет мұқтаждығы;
      туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдардың тоқсан сайын кіріс есебінсіз 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде денсаулық сақтау мекемесінен анықтама көрсетуі бойынша мұқтаждығы.
      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.";
      көрсетілген қағидаларға 1, 2-қосымшалар осы шешімге 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы
 
Мағжан Жұмабаев ауданы
 
мәслихаты сессиясының төрағасы
А. Демин
Солтүстік Қазақстан облысы
 
Мағжан Жұмабаев ауданы
 
мәслихатының хатшысы
Т. Әбілмәжінов
КЕЛІСІЛДІ:
 
Солтүстік Қазақстан облысының
 
әкімі
Е. Сұлтанов
2014 жылғы 13 тамыз
 

      

  Аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 13 тамыздағы
№ 30-3 шешіміне
1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларына
1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігі және мөлшерінің тізбесі


Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі
Әлеуметтік көмектің еселігі және мөлшері (айлық есептік көрсеткіште)
15 ақпан – "Ауғанстан аймағынан әскерлерді шығару күні"
1
Бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер министірлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілгендер әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде (осы елге) жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған, зақымданған, немесе ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапаттталған жұмысшылар мен қызметшілер.
Жылына 1 рет,15
2
Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.
Жылына 1 рет,15
3
Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер.
Жылына 1 рет,15
4
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары.
Жылына 1 рет,15
5
1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрген басқа да мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер.
Жылына 1 рет,15
6
Бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерінің шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшілері.
Жылына 1 рет,15
8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні"
1
"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", І, ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар.
Жылына 1 рет, 5
26 сәуір – "Чернобыль атом электр стансасындағы апатты еске алу күні"
1
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар.
Жылына 1 рет,15
2
Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірі радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.
Жылына 1 рет,15
3
Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсатты объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан тадамдардың отбасылары.
Жылына 1 рет,15
4
Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлімі белгіленген тәртіпте солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасы.
Жылына 1 рет,15
5
1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өз еркімен көшкен), эвакуация кезінде құрсақта болған балаларды қосқанда.
Жылына 1 рет,15
9 мамыр – "Жеңіс күні"
1
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
Жылына 1 рет,50 (2015 жылғы 9 мамырды алып тастағанда)
2
Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, сондай-ақ Бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.
Жылына 1 рет,5
3
Ұлы Отан Соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, немесе сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда болған адамдар.
Жылына 1 рет,5
4
Ұлы Отан Соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және юнга ретінде болған адамдар.
Жылына 1 рет,5
5
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет елдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар.
Жылына 1 рет,5
6
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері.
Жылына 1 рет,5
7
Қоршау кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар.
Жылына 1 рет,5
8
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары.
Жылына 1 рет,5
9
Әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар.
Жылына 1 рет,5
10
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсаны кезеңінде Украин ССР-і, Белорус ССР-і, Литва ССР-і, Латыш ССР-і, Эстон ССР-і аумақтарында қимыл жасаған қырғыншы батальондардың, халықты қорғаушы взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерді атқаруы кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.
Жылына 1 рет,5
11
Ұлы Отан Соғысында қаза тапқан, жергілікті әуе қорғанысы объектілерінің өзін-өзі қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдері мен ауруханаларында қаза болған қызметкерлердің отбасылары.
Жылына 1 рет,5
12
Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа да себептерге (құқыққа қарсы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері).
Жылына 1 рет,5
13
Ұлы Отан Соғыс жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар.
Жылына 1 рет,5 (2015 жылғы 9 мамырды алып тастағанда)
2015 жылғы 9 мамыр – "Жеңіс күні"
1
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
Жылына 1 рет, 100
2
Ұлы Отан Соғыс жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар.
Жылына 1 рет,25
7 мамыр – "Отан қорғаушы күні"
1
Бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлігіне, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери міндетін өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы.
Жылына 1 рет,5
2
Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы.
Жылына 1 рет,5
 
31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні"
1
Бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіннен тікелей зардап шеккен және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар.
Жылына 1 рет,15
 
30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні"
1
Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбегіне зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтары.
Жылына 1 рет,10

  Аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 13 тамыздағы
№ 30-3 шешіміне
2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларына
2-қосымша

Алушылар санаттарының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, еселігі, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

Р/с №
Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі
Әлеуметтік көмек көрсетудің шекті мөлшерлері
Әлеуметтік көмекке өтініш беру мерзімі және еселігі
Әлеуметтік көмек атауы
1
2
3
4
5
1
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян шеккен отбасыларға (азаматтарға)
40 айлық есептік көрсеткіш
Кіріс есебінсіз, жылына 1 рет
Өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты
2
Жетімдер;
ата-ана қамқорлығынсыз қалған адамдар;
қараусыз қалған кәмелет жасына толмағандар, оның ішінде девианттық мінез-құлқы барлар;
туғаннан үш жасқа дейінгі ерте психофизикалық даму мүмкіндігі шектелген балалар;
дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндігіне байланысты ағза функциясы тұрақты бұзылған адамдар;
әлеуметтік мәні бар аурулар және қоршаған орта үшін қауіпті аурулар салдарынан тіршілік әрекеті шектелген адамдар;
жасының ұлғаюына байланысты, ауруды басынан кешкен және (немесе) мүгедектік салдарынан өзін күтуге қабілетсіз адамдар;
әлеуметтік бейімделмеушілікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатігез қарым-қатынастан зардап шеккендер;
баспанасыздар (тұрғылықты тұратын баспанасы жоқ адамдар);
бас бостандығын айыратын жерден босаған адамдар;
Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында тұратын қылмыстық-атқару жүйесінің сынақ қызметінің есебінде тұрған адамдар
10 айлық есептік көрсеткіш
Кіріс есебінсіз, жылына 1 рет
Өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты