Железин ауданында 2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 463/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 ақпанда № 4289 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 1-16/22 хаты)

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес Балпық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Балпық кенттік округі әкімінің 2012 жылғы 14 қарашадағы "Көксу ауданы, Балпық кенттік округіне қарасты Балпық би кентінде атаусыз көшеге ат қою туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 4 желтоқсанында № 2207 тіркелген, "Нұрлы Көксу" газетінде 2012 жылдың 21 желтоқсанында № 51 (159) жарияланған) № 2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің атауында және бүкіл мәтіні бойынша "кентінде" сөздері "ауылында" сөздерімен, "кентінің" сөздері "ауылының" сөздерімен, "кенттік" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балпық ауылдық округінің бас маманы Р. Балғабаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Ә. Қалиева