Профилактикасы мен диагностикасы бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы

Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 158/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 мамырда № 3827 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
      2. Ауыл шаруашылығы басқармасы осы қаулыны ресми жариялауды заңнамаен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 6 мамырдағы
№ 158/5 қаулысымен
бекітілді

Профилактикасы мен диагностикасы
бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын
жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 23.12.2015 N 364/12 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Малдардың бірнеше түрі бойынша ортақ аурулар (ірі қара мал, ұсақ қара мал, шошқа): қотыр.
      Жылқы аурулары: сақау.