Мәслихаттың 2013 жылғы 3 қазандағы № 161 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 277 шешімі. Қостанай облысының Әділет депатаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 5246 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 тамыздағы № 52 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 01.08.2016 № 52 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 3 қазандағы № 161 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4282 тіркелген, 2013 жылғы 7 қарашада "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "8) Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессияның төрайымы С. Сералинова
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы Б. Бекенов