Мәслихаттың 2013 жылғы 3 қазандағы № 161 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2014 жылғы 5 мамырдағы № 242 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 мамырда № 4750 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 тамыздағы № 52 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 01.08.2016 № 52 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 3 қазандағы № 161 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4282 тіркелген, 2013 жылғы 7 қарашада "Федоровские новости" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      6-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Бекенов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Федоров аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ___________ Т. Волоткевич
      "Федоров ауданының экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ____________ В. Гринак