Мәслихаттың 2013 жылғы 29 қарашадағы № 155 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 мамырдағы № 203 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 маусымда № 4819 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 331 шешімімен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне «Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберiнде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесi арқылы тұрғын үйлердi жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит берудің 2014 жылға арналған шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 28 ақпандағы № 167 қаулысына мынадай өзгеріс енгізсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне «Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберiнде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесi арқылы тұрғын үйлердi жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит берудің 2014 жылға арналған шарттарында:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы қарыз алушыларға 29 472 165 000 (жиырма тоғыз миллиард төрт жүз жетпіс екі миллион бір жүз алпыс бес мың) теңге сомасындағы кредиттер тұрғын үйлерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға 9 (тоғыз) жыл мерзімге сыйақының 0,01 % мөлшерлемесі бойынша беріледі.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов