Таран ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 10 "Таран селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөлектеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Таран ауданы Таран ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 маусымда № 4786 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 07.07.2015 N 388 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық – атқару инcпекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.С.Сапарғалиеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Оңдақанов