Мәслихаттың 2013 жылғы 25 қазандағы № 182 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 256 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 мамырда № 4737 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 368 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 21.12.2015 № 368 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 25 қазандағы №182 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4296 тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашада "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
      6 - тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      1) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне,10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылғы 1 мамырдан бастап туындайтын қатынастарға таратады.

      Сессия
      төрайымы                                   Ж. Джанатаева

      Аудандық
      мәслихат хатшысы                           В. Леонов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Меңдіқара ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      ________________ В. Гребенюк

      "Меңдіқара ауданының экономика
      және бюджет жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      ________________ Г. Айсенова