Мәслихаттың 2013 жылғы 22 қазандағы № 152 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 206 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 маусымда № 4813 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 333 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 333 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 22 қазандағы №152 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4293 тіркелген, 2013 жылғы 22 қарашада "Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      6 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылғы 1 мамырдан бастап туындайтын қатынастарға таратады.

      Сессия төрайымы                            С. Қыстаубаева

      Қамысты аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Рахимжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қамысты ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтiк
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесі басшысының
      міндетін атқарушы
      __________________ А.Қ. Мақаева