Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округіндегі "Беляевка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылық фермасының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 наурызда № 4518 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округ әкімінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 14.01.2016 № А-1/7 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енегізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2)-тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сандықтау ауданы әкімдігінің "Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № А-13/407 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3967 тіркелді және "Сандыктауские вести" газетінде 2014 жылғы 24 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      қаулының тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
      қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі, 1 қосымшаға сәйкес айқындалсын.";
      қаулыға 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары В.Г. Горохводацкийге жүктелсін.
      3. Сандықтау ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сандықтау ауданының әкімі Е.Сағдиев