Азаматтық қызметші болып табылатын және Красногор ауылында жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 220 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 мамырда № 4733 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 400 шешімімен

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Таран ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2014 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Отыз жетінші, кезекті
      сессиясының төрайымы                       И. Сероус

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               С. Жолдыбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Таран ауданы әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ____________ В. Ересько