"Маңғыстау облысының аумағында құрылыс салу қағидасы туралы" облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 10 тамыздағы № 5/68 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Маңғыстау облысы мәслихатының 2014 жылғы 05 ақпандағы № 14/217 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2014 жылғы 18 ақпанда № 2360 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/455 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық мәслихатының 10.12.2015 № 29/455 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Маңғыстау облысының аумағындағы құрылыс салу қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 10 тамыздағы № 5/68 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 12 қыркүйекте № 2147 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 158 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      110-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

 
      Сессия төрағасы                         Н. Сәрсенбай

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Маңғыстау облысының сәулет
      және қала құрылысы
      басқармасының басшысы
      Н. Жайлау
      05 ақпан 2014 ж.