Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі N 31-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 35-4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 06 тамызда № 4741 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 01 тамыздағы № 5-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 01.08.2016 № 5-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. “Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 31-5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4679 тіркелген, 2014 жылғы 31 мамырда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасының 8-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      “2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға - ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;”.
      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Жалағаш аудандық
      мәслихатының XХХV
      сессиясының төрағасы С.ОСПАНОВА
      Жалағаш аудандық
      мәслихатының хатшысы К.СҮЛЕЙМЕНОВ