"Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 86 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 274 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қазанда № 2352 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 102 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 439 «Әулиекөл ауданының Әулиекөл селосындағы № 2 ұңғыманың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3851 болып тіркелген, 2012 жылғы 1 қарашада «Костанайские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селосындағы» деген сөз «ауылындағы» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қостанай облысының әкімі

Н. Садуақасов