Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бегалы ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 мамырда № 3914 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бегалы ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бегалы ауылдық округінің әкімінің 02.11.2015 № 9 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қобда аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 91 ұсынысының негізінде Бегалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бегалы ауылдық округінің Калиновка ауылы аумағында ірі мүйізді мал арасында бруцеллез жұқпалы ауруының ошағы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күні қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі Ю. Утянов