Жақсы ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу турал

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № а-9/416 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 қарашада № 4474 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № а-3/85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 14.04.2016 № а-3/85 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыздағы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыздағы мөлшерінде интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      3. Жақсы ауданы әкімдігінің "Жақсы ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, шартты түрде сотталған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2012 жылғы 3 тамыздағы № а-7/303 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-13-159 тіркелген, 2012 жылғы 30 тамызда "Жақсы жаршысы" газетінде жарияланған) қаулысы күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Л.Ш.Сейдахметоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жақсы ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков