29.12.2014

Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидасын бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.04.2020 № 90 бұйрығымен ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.06.2016 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 2 шілдедегі "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 19-бабының

      14-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидасы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.06.2016 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мұхамедиұлы


  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсанда
№ 157 бұйрығымен
бекітілген

Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидасы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.06.2016 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидасы тарих және мәдениет ескерткіштерін (бұдан әрі - ескерткіштер) қорғау мен күтіп-ұстау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.06.2016 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Ескерткіштердің меншік иелері мен пайдаланушылар олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мыналарды жүзеге асырады:

      1) зақымданудан және (немесе) жоюдан, тағылық актілерінен, жалған дәріптеуден, өңін айналдырудан, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғау;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын меншік құқықтарының болуы мүмкін немесе болған өзгерістері туралы хабардар ету;

      3) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізеді.

      Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану бойынша уәкілетті органмен келіседі.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жібереді.

      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен жасалған арнайы шарттарда белгіленетін тәртіппен және шекте ескерткішке ғылыми, мәдени және өзге де мақсаттарда қол жеткізуді;

      5) олардың сақталуы қамтамасыз етілетін нормаларға сәйкес күтіп-ұсталуын қамтамасыз ету.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.06.2016 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 18-бабы 7-тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органдары ескерткіштердің меншік иелері мен пайдаланушыларға қорғау міндеттемесі беріледі.

      4. Әрбір ескерткішке ескерткіш туралы негізгі деректер және ескерткіштің мемлекеттің қорғауында екендігіне нұсқама қамтылған қорғау тақтасы орнатылады.


Дата вступления в силу:  29.01.2015
Дата изменения акта:  15.04.2020
Дата принятия акта:  29.12.2014
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 03.05.2016 ж.; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 17.03.2016 ж.; "Егемен Қазақстан" 19.05.2015 ж. № 91 (28569); "Казахстанская правда" от 19.05.2015 г. № 91 (27967)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103034000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  86643
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  157
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  023010000000
Форма акта:  ПОЛ / ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz