23.04.2014

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банк шоттарын ашу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2000 жылы № 9, 264-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Банктік шот шартында:
      1) шарттың мәні;
      2) клиенттің сәйкестендіру нөмірі;
      3) клиенттің жеке сәйкестендіру коды;
      4) банктегі ақшаға иелік ету тәртібі;
      5) банктің қызмет көрсету талаптары және олар үшін ақы төлеу тәртібі қамтылады.»;
      11-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:
      осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;
      осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген, қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің банк шотын жүргізуге (банк шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
      қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын, орыс тіліндегі және/немесе мемлекеттік тілдегі нотариат куәландырған құжаттар;
      филиалдың немесе өкілдіктің (өзге нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына заңды тұлға берген сенімхаттың көшірмесі;
      мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін – бюджеттің орындалуы жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсаты;»;
      3) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары үшін:
      жеке басын куәландыратын құжат;
      резидент еместің салық төлеуші ретінде тіркелуі туралы тіркеу куәлігінің көшірмесі;»;
      6) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Банктік шот шартында:
      1) шарттың мәні;
      2) жинақ шотын ашу кезінде осындай құжатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, клиенттің реттеуші орган берген құжатта көрсетілген сәйкестендіру нөмірі;
      3) клиенттің жеке сәйкестендіру коды;
      4) банктің қызмет көрсету талаптары және олар үшін ақы төлеу тәртібі қамтылады.»;
      17-тармақта:
      1) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары алып тасталсын;
      2) тармақшаның бесінші абзацы алып тасталсын;
      4) тармақшаның бесінші абзацы алып тасталсын;
      18-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Клиент бiр банкте (оның филиалдары мен бөлiмшелерiнде) бiрнеше шот ашқан жағдайда, банк шот ашу үшiн көзделген құжаттарды (заңды тұлға клиенттер үшiн – қол қою үлгiлерi мен мөрдің бедері бар құжатты, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін – бюджеттің орындалуы жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсатын және жеке тұлға клиенттер үшiн – жеке басын куәландыратын құжатты қоспағанда) мынадай жағдайлардың бiрi болса:
      1) егер клиент алғашқы шотын ашқан банкте (филиалда, бөлiмшеде) банктiк шот ашатын болса;
      2) не, егер клиентке алғашқы шот ашылған банктiң (филиалдың, бөлiмшенiң) осы Ережеге сәйкес банктiк шот ашу үшін қажеттi құжаттардың толық топтамасының бар екенiн растайтын құжаты болса, клиенттiң қайтадан тапсыруын талап етпейді.
      Банктің осы банкте ашылған банк шоты бар жеке тұлға клиентке электрондық сандық қолтаңбаны немесе клиенттің динамикалық сәйкестендірілуін пайдалана отырып электрондық түрде жасалған шарт негізінде, жеке басын куәландыратын құжатты қайтадан ұсынбай, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды сақтай отырып, банк шотын ашуға рұқсат етіледі.
      Заңды тұлға клиентке бір банкте (филиалда, бөлiмшеде) қол қою үлгiлерi мен мөрдің бедері бар бір құжат негізінде банкте осы Ережеде көзделген банктiк шот ашу үшін қажеттi басқа құжаттардың болуы, сондай-ақ мынадай талаптардың орындалуы шартымен бірнеше банк шотын ашуға рұқсат етіледі:
      банкте (филиалда, бөлімшеде) әрбір клиент бойынша электронды түрде істі қалыптастыру жөніндегі қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – электронды досье) және банкте (филиалда, бөлімшеде) банк шотының болуы туралы ақпарат болуы тиіс;
      банк шотын ашу кезінде клиенттің электронды досьесінде өзгерістер болмауы тиіс.
      Клиенттiң алғашқы шоты ашылған банктiң басқа филиалында (бөлiмшесiнде) құжаттардың толық топтамасының бар екенiн, оның iшiнде қолда бар құжаттарды электрондық түрде беру жолымен банктiң (филиалдың, бөлiмшенiң) растау тәртібін банк дербес белгiлейдi.»;
      мынадай мазмұндағы 20-2-тармақпен толықтырылсын:
      «20-2. Жеке тұлғаны салық органдарында дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу туралы ақпарат алу үшін банк салық төлеушілер туралы, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган беретін ақпаратты пайдаланады.»;
      23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеуде есепте тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға, резидент еместi қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлiмшелерiне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтердi және инвестициялық қордың активтерiн сақтауға арналған банк шоттарын, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын, шетелдiк корреспондент банктердiң корреспонденттiк шоттарын, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алуға арналған банк шоттарын қоспағанда, банктер банк шоты ашылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиiстi салық қызметi органдарын хабарламаларды кепiлдiкпен жеткiзудi қамтамасыз ететiн ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, көрсетiлген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етеді.».
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің банк шотын жабу бюджеттің орындалуы жөніндегі орталық уәкілетті орган осы мемлекеттік мекемеге банк шотын ашу үшін берілген рұқсатты қайтарып алған не осындай рұқсатты қолдану мерзімі аяқталған жағдайда жүргізіледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы                                  Қ. Келімбетов

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      _____________ Министр Б.Сұлтанов
      2014 жылғы 26 маусым


Дата вступления в силу:  21.07.2014
Дата изменения акта:  31.08.2016
Дата принятия акта:  23.04.2014
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 12.08.2014 ж. "Заң газеті" 27.08.14 ж. № 127 (2521); "Юридическая газета" от 27.08.14 г. № 127 (2695);
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  117000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  81545
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  62
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  006004000000 / 006005000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz