Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 желтоқсанда № 3386 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 ақпандағы № 44-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 21.02.2020 № 44-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 маусымдағы № 1224 "Қазақстан Республикасында Мүгедектер күнін белгілеу туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе бөлімі жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қоса беріліп отырған Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы бекітілсін.
      2. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстық жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Шынбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Рахимов

      КЕЛIСIЛДІ
Батыс Қазақстан
облысының әкімі
_______________Н. Ноғаев
05.12.2013 ж.

  Тасқала аудандық мәслихатының
2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-1
шешімімен бекітілді

Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету,
оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау
қағидасы

      1. Осы Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 маусымдағы № 1224 "Қазақстан Республикасында Мүгедектер күнін белгілеу туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің Тасқала аудандық бөлімшесі (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      8) алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 18.07.2016 № 4-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
      11) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      12) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      13) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      14) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      15) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 22.12.2015 № 36-7 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2016 № 4-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.05.2017 № 12-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      3. Осы Қағиданың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидасымен көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін ЖАО ұсынымы бойынша осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес белгіленді.
      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және
әлеуметтік көмектің мөлшерлері

      8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық шығындарына 5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 3000 теңге мөлшерінде, соның ішіндегі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 5 АЕК мөлшерінде;
      2) емделудің сүйемелдеу кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын ауруларға, аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде 3 АЕК мөлшерінде көрсетіледі.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 18.07.2016 № 4-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); -өзгеріс енгізілді – Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 03.04.2018 № 22-6 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Біржолғы әлеуметтік көмек:
      1) қатерлі ісік ауруларға дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде табысын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;
      2) аз қамтамасыз етілген азаматтарды (отбасыларды) және жалғыз басты азаматтарды, жерлеу рәсімдеріне 15 АЕК мөлшерінде;
      3) жалғыз басты зейнеткерлерге,жалғыз басты мүгедектерге және аз қамтылған азаматтарға, дәрігерлік-кеңестік комиссия қорытындысының бойынша ауданнан тысқары жерлерде емделуге баруына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, 15 АЕК мөлшерінде;
      4) гемодиализдегі 1 топ мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай 50 АЕК мөлшерінде;
      5) 95 жасқа толған және асқан адамдарға табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;
      6) соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға санаторлық-курорттық емделуді алуға - сауықтыру емделудің 10 күндік курсының ең төменгі төлемақысы мөлшерінде;
      6-1) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, санаторлық-курорттық емделуге жолданған мүгедектерге және мүгедек балаларға жол жүру құжаттарын (билеттер) ұсынған кезде, шығу пунктінен межелі орынға дейін және кейін қайтуға дейін, плацкарттық вагон орны бағасы мөлшерінде төлем жүргізіледі;
      7) жеке меншік тұрғын үйлерде тұратын, жан басына шаққанда орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға) қатты отын сатып алуға 12 АЕК мөлшерінде көрсетіледі;
      8) соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға тіс протезін салу (металл керамзиттен және құнды металдардан тіс протезін қоспағанда) – ағымдағы жылға жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы көлемінде көрсетіледі;
      9) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бейімделу үшін табыстарын есепке алмай 10 АЕК мөлшерінде көрсетіледі.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 18.11.2014 № 28-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 35-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2016 № 4-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.05.2017 № 12-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.07.2017 № 14-4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі ); 03.04.2018 № 22-6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      10. Осы Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес, алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін ЖАО белгіленген.
      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) біржолғы ең төмен күнкөріс деңгейі көлемінде жан басына шаққандағы орташа табысынан аспайтын шектен бар болуы.
      4) ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60 пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 22.12.2015 № 36-7 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
      11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері бірыңғай мөлшерде облыстың ЖАО келісімі бойынша осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес белгіленген.
      12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
      12-1. Алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей мемлекеттік корпорацияның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ауданның ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 18.07.2016 № 4-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) Үлгілік қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      14-1. Алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14-2. Алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14-3. Алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14-4. Алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14-5. Алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14-6. Алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағиданың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      22. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағиданың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      24. Алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 18.07.2016 № 4-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      24-1. Алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін осы Қағиданың 10 тармағының 3) тармақшасына сәйкес белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      27. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      27-1. Алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Тасқала ауданының бойынша
әлеуметтік көмек көрсету,
оның мөлшерлерін белгілеу
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау
қағидасына
1 қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің
тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері

әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

1

Жеңіс күні - 9 мамыр

бір жолғы

2

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні - 15 ақпан

бір жолғы

3

Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір

бір жолғы

4

Халықаралық ядролық-сынақтарға қарсы іс-қимыл күні - 29 тамыз

бір жолғы

5

Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні – қазан айының екінші жексенбісі

бір жолғы

  Тасқала ауданының бойынша
әлеуметтік көмек көрсету,
оның мөлшерлерін белгілеу
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау
қағидасына
2 қосымша

Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері,
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай
туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 17.05.2017 № 12-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Алушылар санатының тізбесі

Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

1

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайда қалған азамат (отбасы)

табысын есепке алмай 50 АЕК

бір ай мерзімде

  Тасқала ауданының бойынша
әлеуметтік көмек көрсету,
оның мөлшерлерін белгілеу
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау
қағидасына
3 қосымша

Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне
әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшерлері

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 35-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 15.05.2018 № 24-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді).

Алушылардың жекелеген санаттарының тізбесі

Әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшерлері (теңге)

1.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

300 000

2.

Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар


1) қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар

20 000


2) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары

20 000


3) қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері

20 000


4) Ұлы отан соғысында қаза болған жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлері

20 000


5) бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер

30 000


6) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар

30 000

3.

Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар


1) Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар

30 000


2) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер

30 000

4.

Жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары


1) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы

20 000


2) Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы

20 000


3) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері)

15 000


4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар

15 000


5) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда

10 000


6) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы

20 000

5.

1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамырды аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар

10 000

6.

Радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар

20 000

7.

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар

10 000

8.

18 жасқа дейінгі мүгедек балалар

10 000

      Ескерту: аббревиатураларды түсіндіру:
      КСР Одағы – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы;
      Чернобыль АЭС – Чернобыль атом электр станциясы.