2013 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 70 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 сәуірде № 3253 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 25 қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      2012 жылғы 7 мамырдағы № 25/3-V «Жеңіс күніне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 16 мамырда № 725 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырдағы № 54 «Астана ақшамы», 2012 жылғы 19 мамырдағы № 59 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған);
      2012 жылғы 6 маусымдағы № 29/4-V «Астана қаласы мәслихатының
2012 жылғы 7 мамырдағы № 25/3-V «Жеңіс күніне Астана қаласындағы
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек
көрсету ережесі туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 15 маусымда № 727 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 маусымдағы № 68 «Астана ақшамы», 2012 жылғы 21 маусымдағы № 73 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
      2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Астана қаласы мәслихатының
      сессия төрағасы                          Э.Суханбердиева

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы                                  С.Есілов