Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 9/71-V "2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 қарашадағы № 20/170-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қарашада № 2411 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 5 мамырдағы № 476-1 хатымен)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 шілдедегі № 729 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов