Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 171 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 5 желтоқсанда № 4330 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2014 жылғы 7 тамыздағы № 257 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 07.08.2014 № 257 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 2007 жылғы 15 мамырдағы 238-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне қалалық жағдайда қызметтің осы түрлерімен айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Мәслихаттың 2009 жылғы 23 шілдедегі № 188 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы азаматтық қызметкерлердің жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-158 тіркелген, 2009 жылғы 27 тамызда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен
      тыс сессияның төрайымы                     С. Сералинова

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Б. Бекенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Федоров ауданының экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _______________ В. Гринак