Мәслихаттың 2010 жылғы 25 тамыздағы № 345 "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2013 жылғы 31 мамырдағы № 150 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 маусымда № 4159 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 317 шешімімен

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркеуге, тіркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізуге арналған өтініштердің нысандарын, тіркелгендігін растау және тіркеуден бас тарту нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 545 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 28 қарашада № 7309 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2011 жылғы 9 желтоқсанда № 182 (1998) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (Н.Д. Үсенова) бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Министр                                          Б.Жәмішев