Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерi үшiн жұмыс орындары квотасын белгiлеу туралы

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 3 қазандағы № 27/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 31 қазанда № 2411 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 тамыздағы № 28/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 04.08.2016 № 28/4 қаулысымен.
      Халықты жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Приозерск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерi үшiн жұмыс орындарының квотасы меншiк нысанына қарамастан Приозерск қаласы мекемелерi, ұйымдары және кәсiпорындарында жұмыс орындарының жалпы санының 1 (бір) пайыз мөлшерiнде белгiленсiн.
      2. Қала мекемелерi мен ұйымдары, кәсiпорындарының басшылары белгiленген квотаға сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерiн жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының санын бөлсiн.
      3. Приозерск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 33/1 "Интернат ұйымдарының жасы кәмелетке толмаған түлектерін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне 2011 жылғы 5 қазанда № 8-4-244 болып тіркелген, "Приозерский вестник" газетінің 2011 жылдың 7 қазанында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкiмiнiң орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсiн.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Приозерск қаласының әкімі
К. Камзин