Жамбыл ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы

Алматы облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 23 мамырдағы N 366 қаулысы. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 30 мамырда N 2363 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі N 643 қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік органды айқындау немесе Қазақстан Республикасында өтеусіз қаржылық және техникалық көмек гранттары шеңберінде беретін тауарлар алуға және кедендік ресімдеуге жауапты тұлғаның Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 48 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1846 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 30, 647-бап).
      2. Инвестициялық саясат департаменті (Қ.М. Тұмабаев) бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     Е. Досаев