Балқаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы "Балқаш ауданының 2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" N 13-59 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2013 жылғы 06 маусымдағы N 17-77 шешімі. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 18 маусымда N 2390 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі N 32-140 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 28.04.2016 № 214 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-3) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Ш. Халмурадовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі У. Қайназаров