Шортанды ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № А-6/295 "Шортанды ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 қазандағы № А-9/230 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 қарашада № 3889 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № А-2/41 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 26.02.2016 № А-2/41 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шортанды ауданы әкімдігінің "Шортанды ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2012 жылғы 22 тамыздағы № А-6/295 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3443 болып тіркелген, аудандық "Өрлеу" газетінде 2012 жылғы 22 қыркүйекте және аудандық "Вести" газетінде 2013 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шортанды ауданының әкімі Г.Сәдуақасова