Степногорск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № а-4/142 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қазандағы № а-10/405 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 6 қарашада № 3874 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № а-4/138 қаулысымен

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны одан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын (бұдан әрі - кәсіпорын) бөліп шығару арқылы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
      2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы қызмет болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорын жарғысының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынылуын;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     C. Ахметов