03.12.2013

Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір әдістемелерін бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1) тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Табиғи монополия субъектісінің электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтерді немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Табиғи монополия субъектісінің ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесі бекітілсін;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Табиғи монополия субъектісінің электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялау үшін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасына жолдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының назарына жеткізсін;

      3) он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесіне ресми жариялау үшін қағаз және электронды жеткізгіштегі көшірмесін жолдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М. Оспанов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Экономика және бюджеттік

      жоспарлау министрі

      ______________ Е. Досаев


      2013 жылғы "28" желтоқсан

  Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2013 жылғы "3" желтоқсандағы
№ 372-НҚ бұйрығына
  1-қосымша

Табиғи монополия субъектісінің электр энергиясын өндіру мен
тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі реттеліп
көрсетілетін қызметіне тарифтер немесе олардың шектi
деңгейлерiн есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополия субъектісінің электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі және "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Әдістеме "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" (бұдан әрі – Жүйелік оператор) акционерлік қоғамы ұсынып отырған электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметіне тарифтер және оның шекті деңгейлерін есептеудің тетігін айқындау мақсатында әзірленді.

      3. Осы Әдістемедегі негізгі ұғымдар мен айқындамалар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      4. Электр өндіруші ұйымдардың шиналарынан босатылған және электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтарында тұтынылған шама үшін:

      1) ведомствалық тиесілілігіне қарамастан Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары шиналардан босатқан;

      2) бөлшек сауда нарығының энергия өндіруші ұйымдардың шиналарынан тікелей тұтынушылары алған;

      3) энергия беруші ұйымдардың желілеріндегі электр энергиясының технологиялық шығысын өтеуге және энергия беруші ұйымдардың шаруашылық мұқтаждарына энергия беруші ұйымдар алған;

      4) бөлшек сауда нарығының тұтынушылары өңірлік энергия өндіруші ұйымдардан тікелей алған және энергия беруші ұйымдардың желілері арқылы берілетін;

      5) өздерінің тұтынушылары үшін электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарынан, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден энергиямен жабдықтаушы ұйымдар алған;

      6) тыс жерлерден алған тұтынушылар электр энергиясының көтерме сауда нарығынан, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен, сондай-ақ өнеркәсіп кешендерінің энергия өндіруші ұйымдарынан, осы кешендердің құрамына кіретін кәсіпорындар мен бірлестіктер алған электр энергиясының жиынтықты саны қолданылады.

2. Электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді
ұйымдастыру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тарифтер
немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу тетігі

      4. Қызметті тұтынушылар үшін мынадай формула бойынша есептелетін тариф немесе оның шекті деңгейі пайдаланылады:



      (килоВатт-сағат үшін теңге (бұдан әрі – теңге/кВт.сағ.)),

      мұндағы:

      ТБАЛ – электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметке арналған тариф немесе оның шекті деңгейі, теңге/кВт.сағ.;

      Zбал – электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметті көрсетуге арналған Жүйелік оператордың экономикалық негізделген шығындары, теңге;

      Электр энергиясын теңгерімдеуші нарығының имитациялық режимінде жұмыс істеуі кезінде Zбал құрамына қуат резервін дайындықта ұстау жөніндегі қызметтерге арналған шығындардың орнына қуатты реттеу жөніндегі шығыстар, сонымен қатар мемлекетаралық электр энергиясы ағынының нақты сальдосының жоспарлыдан сағат сайын ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу шығыстары ескеріледі.

      Жүйелік оператор шығындарының экономикалық негізделген (Zбал) есебі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің, "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17) тармақшасына және 14-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператор әзiрлеген және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген жеке құжат не есепке алу саясаты бөлігі түрінде жасалған кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алу әдістемесінің талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Р – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес есептелетін электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметті тиімді көрсетуге қажетті қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына рұқсат етілетін пайда деңгейі, теңге;

      WПГ – Жүйелік оператордың электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді тұтынушылармен жасалған шарттармен, ниет хаттамаларымен және субъектінің жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен мүмкіндіктеріне, тарифтер деңгейін қолдау немесе көтеру мақсатында көлемді төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған электр өндіруші ұйымдардың шиналарынан электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарына босатылған электр энергиясының болжамды жиынтықты көлемі, кВт.сағ.;

      WПП – Жүйелік оператордың электр энергиясын өндіру мен тұтынудың теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді тұтынушылармен жасалған шарттармен, ниет хаттамаларымен және субъектінің жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен мүмкіндіктеріне, тарифтер деңгейін қолдау немесе көтеру мақсатында көлемді төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарына тұтынылған электр энергиясының болжамды жиынтықты көлемі, кВт.сағ.;

      ДПР - мемлекетаралық электр энергиясы ағынының нақты сальдосының жоспарлыдан сағат сайын ауытқу көлемдерін өтемдеу мақсатында электр энергиясын сатудан алынған кірістер.

  Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2013 жылғы "3" желтоқсандағы
№ 372-НҚ бұйрығына
  2-қосымша

Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясын беру және
(немесе) тарату жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
тарифтер немесе олардың шекті деңгейлерін есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың шекті деңгейлерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) " Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі және " Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Әдістеме жылу энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі табиғи монополия субъектілерінің (бұдан әрі – субъект) реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу тетігін айқындау мақсатында әзірленді.

      3. Бұл Әдістеменің мақсаттары үшін мына ұғым қолданылады:

      жылу энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызмет – жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымдар көрсететін жылу энергиясын жылу желілері арқылы тасымалдау қызметі.

      Осы Әдістемеде пайдаланған өзге де терминдер мен ұғымдар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Субъектілердің жылу энергиясын беру және (немесе) тарату
жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе
олардың шекті деңгейлерін есептеу тетігі

      4. Субъектінің жылу энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың шекті деңгейлері (Т) мына формула бойынша есептеледі:

      Т=(Z+P)/Q (теңге/Гкал (Гигакалорий үшін теңге)

      мұндағы:

      Z – жылу энергиясын беру және (немесе) тарату қызметтерін көрсетуге арналған субъектінің экономикалық негізделген жалпы шығындары, теңге;

      Р – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес есептелетін жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу жөніндегі қызметтерін тиімді көрсетуге қажетті қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына рұқсат етілетін пайда деңгейі, теңге;

      Q – субъектінің жылу энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі қызметтерін тұтынушылармен жасалған шарттармен, ниет хаттамаларымен және субъектінің жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен мүмкіндіктеріне, тарифтер деңгейін қолдау немесе көтеру мақсатында көлемді төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған тұтынушылардың жылу энергиясын берудің және (немесе) таратудың жоспарланған жылдық көлемі, Гкал (Гигакалорий);

      Субъект шығындарының экономикалық негізделген (Z) есебі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің, "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17) тармақшасына және 14-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес субъект әзiрлеген және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген жеке құжат не есепке алу саясаты бөлігі түрінде жасалған кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алу әдістемесінің талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2013 жылғы "3" желтоқсандағы
№ 372-НҚ бұйрығына
  3-қосымша

Табиғи монополия субъектісінің ұлтық электр желісі арқылы
электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін
қызметіне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу
әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополия субъектісінің ұлтық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі және "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Әдістеме "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" (бұдан әрі – Жүйелік оператор) акционерлік қоғамы ұсынып отырған ұлтық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтер және олардың шекті деңгейлерін есептеу тетігін айқындау мақсатында әзірленді.

      3. Осы Әдістеменің ережелеріне сәйкес есептелген тарифтер немесе олардың шекті деңгейлері, сондай-ақ Жүйелік оператор ұсынатын 35, 100 киловольт (бұдан әрі – кВ) кернеудегі электр желілері арқылы электр энергиясын беру қызметтеріне де қолданылады.

      4. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) ұлттық электр желісі - шағын станциялардың, таратушы құрылғыларының өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр станциялары электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы, олар жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттармен ұлттық компанияларға беріледі;

      2) ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру қызметтерін тұтынушы – Жүйелік оператор қызметтерін жасалған шарттарға сәйкес пайдаланатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі;

      3) транзиттік электр энергиясы – Қазақстан Республикасының шегінен тыс өндірілген және басқа мемлекеттің (тердің) аумағында тұтынуға арналған электр энергиясы.

      Осы Әдістемедегі негізгі терминдер мен ұғымдар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Табиғи монополия субъектісінің ұлтық электр желісі арқылы
электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін
қызметіне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу
тетігі

      5. Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беруді (оның ішінде транзиттік және экспортталатын) жүзеге асыратын тұтынушылар үшін қолданылатын электр энергиясын беру қызметіне тарифтер немесе олардың шекті деңгейлері мына формула бойынша есептеледі:

      Т=(Z+P)/Wсум (килоВатт-сағат үшін теңге ( бұдан әрі - теңге/кВт.ч)

      мұндағы:

      Т - ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беруді (оның ішінде транзиттік және экспортталатын) жүзеге асыратын тұтынушылар үшін қолданылатын электр энергиясын беру қызметіне арналған тариф немесе оның шекті деңгейі;

      Z - Жүйелік оператордың ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру қызметтеріне арналған экономикалық негізделген шығындар, теңге;

      Р - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес есептелген ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметін тиімді көрсетуге қажетті қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына рұқсат етілетін пайда деңгейі, теңге;

      Wсум - субъектінің ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметін тұтынушылармен жасалған шарттармен, ниет хаттамаларымен және субъектінің жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен мүмкіндіктеріне, тарифтер деңгейін қолдау немесе көтеру мақсатында көлемді төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған тұтынушылардың ұлтық электр желісі арқылы электр энергиясын берудің жоспарланған жылдық көлемі, килоВатт-сағат.

      Жүйелік оператордың экономикалық негізделген шығындарының (Z) есебі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің, "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17) тармақшасына және 14-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператор әзiрлеген және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген жеке құжат не есепке алу саясаты бөлігі түрінде жасалған кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алу әдістемесінің талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2013 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 372-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Табиғи монополия субъектісінің электр энергиясын желіге
жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді немесе олардың
шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесі

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополия субъектісінің электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу әдістемесі (бұдан әрі Әдістеме) " Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі және " Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Әдістеме "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" (бұдан әрі – Жүйелік оператор) акционерлік қоғамы ұсынып отырған электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтер және оның шекті деңгейлерін есептеудің тетігін айқындау мақсатында әзірленді.

      3. Осы Әдістемедегі негізгі ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық
диспетчерлендіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке
тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеу тетігі

      4. Электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тарифтер немесе олардың шектi деңгейлерi (Тmd) мынадай формула бойынша есептеледі:


(килоВатт-сағат үшін теңге (бұдан әрі – теңге/кВт.сағ.)),

      мұндағы:

      Z – электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметті көрсетуге арналған Жүйелік оператордың экономикалық негізделген жалпы шығындары, теңге;

      Р Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 тіркелген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес есептелетін электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді тиімді көрсету үшін қажет қолданысқа енгізілген активтердiң реттелетiн базасына арналған пайданың жол берілетін деңгейі, теңге;

      Wжіб. – субъектінің электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді тұтынушылармен жасалған шарттармен, ниет хаттамаларымен және субъектінің жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен мүмкіндіктеріне, тарифтер деңгейін қолдау немесе көтеру мақсатында көлемді төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары кернеудің барлық кластарындағы желілері бойынша босатылған, электр энергиясының төрт алдағы тоқсанға немесе өткен күнтізбелік жылға жоспарлы немесе іс жүзіндегі көлемі, кВт.сағ (килоВатт-сағ);

      Wимп. – субъектінің электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді тұтынушылармен жасалған шарттармен, ниет хаттамаларымен және субъектінің жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен мүмкіндіктеріне, тарифтер деңгейін қолдау немесе көтеру мақсатында көлемді төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, Қазақстан Республикасының шекарасында алынатын электр энергиясының төрт алдағы тоқсанға немесе өткен күнтізбелік жылға жоспарлы немесе іс жүзіндегі көлемі, кВт.сағ.

      Жүйелік оператордың экономикалық негізделген шығындарының (Z) есебі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің, "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17) тармақшасына және 14-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператор әзiрлеген және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосымен келісілген жеке құжат не есепке алу саясаты бөлігі түрінде жасалған кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алу әдістемесінің талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.


Дата вступления в силу:  03.02.2014
Дата изменения акта:  22.05.2020
Дата принятия акта:  03.12.2013
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 29.04.2014 ж. № 82 (28306); "Казахстанская правда" от 29.04.2014 г. № 82 (27703); Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 17.02.2014 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  113000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  77377
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  372-н
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  005017000000 / 008001001000
Форма акта:  МЕТ / ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz