13.12.2013

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.12.2019 № 1111 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісін жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін айқындау мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Заңның 6-бабы 2-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаментерінің және дербес басқармаларының, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:

      1) осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуі, Нұсқаулықта көзделген қызметтік құжаттаманы дайындауды ұйымдастырсын;

      2) осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастырсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 713 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық
бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісін жүзеге асыру рәсімін тәртібін нақтылайды.

      2. Ішкі істер органдары бөліністерінде (бұдан әрі – ІІО) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті әкімшілік практика бөлімдері (бөлімшелері, топтары) (бұдан әрі – әкімшілік практика бөліністері), не болмаса көрсетілген функциялар міндеттеріне кіретін қызметкерлер (бұдан әрі – жауапты қызметкерлер) жүргізеді.

      3. Осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама (бұдан әрі – хаттама), осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулы (бұдан әрі – қаулы), осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алынған жүргізуші куәлігінің орнына берілетін уақытша куәлік (бұдан әрі – уақытша куәлік) бланкілері қатаң есептіліктегі құжаттар болып табылады.

      4. Хаттаманың, уақытша куәліктің бланкілерінде бір облыс шегінде (республикалық маңызы бар қала, астана) бірыңғай нөмірі және осы өңірдің мемлекеттік нөмірлік белгілеріндегі сандық белгілеуге сәйкес сериясы болуы тиіс.

      5. Қатаң есептіліктегі бланкілердің келіп түсуін және беруді әкімшілік практика бөлінісі не болмаса жауапты қызметкер осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қатаң есептіліктегі бланкілердің келіп түсуі және шығысталуы журналында жүргізеді.

      6. Бүлінген қатаң есептіліктегі бланкілерді қатаң есептіліктегі бланкілердің бар болуы және дұрыс шығысталуын тексеру кезінде ІІО құрылымдық бөлінісінің басшысы әкімшілік практика бөлінісіне немесе жауапты қызметкерге есепке алу және есептен шығару үшін береді.

      7. Хаттама және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша қаулы оларға қоса берілген материалдармен бірге әкімшілік істі құрайды.

      8. Әкімшілік істер толтырылғаннан кейін сегіз сағат ішінде ІІО құрылымдық бөлінісінің басшысына, ал саптық бөліністерде - взвод командиріне тапсырылады, ол олардың толтырылуының, қысқартылған іс жүргізуді қолданудың дұрыстығын және негізділігін, шығарылған қаулының заңдылығын, әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тексереді.

      Тексерілгеннен кейін әкімшілік істер ІІО құрылымдық бөлінісі басшысының (взвод командирінің) "Тексерілді. Ескертулер жоқ" деген қолымен расталады, Әкімшілік істерді есепке алу журналына осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеледі және қолхат арқылы әкімшілік практика бөлінісіне немесе жауапты қызметкерге оларды толтырған сәттен бастап он сағаттан кешіктірмей тапсырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2017 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      9. Әкімшілік практика бөлінісінің қызметкері немесе жауапты қызметкер әкімшілік істерді қабылдау кезінде:

      1) хаттаманың және өзге де іс жүргізу құжаттарының дұрыс толтырылуын, салынған жазалаулардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі - Кодекс) санкцияларына сәйкестігін, қысқартылған іс жүргізуді қолданудың негізділігін, материалдардың толықтығын тексереді, қажет болған жағдайда қосымша мәліметтерді жинақтауды жүзеге асырады;

      2) әкімшілік істерді Әкімшілік істерді тіркеу журналына осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, әкімшілік істерді есепке алу бойынша ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйеге және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕАК) "Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе" (бұдан әрі - "ББСЖ") есепке алу жүйесіне тіркейді;

      3) егер әкімшілік істерді қарау мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құзыретіне жатқызылған болса, әкімшілік істерді толтырған сәттен бастап үш тәулік ішінде оларды сотқа жолдайды. Құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік әкімшілік қамауға әкеп соқтыратын әкімшілік істерді толтырғаннан кейін дереу оны толтырған лауазымды адам сотқа жолдайды;

      4) айыппұлдың көрсетілген сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеу құқығы пайдаланылмаған әкімшілік істерді, сондай-ақ ІІО құзыретіне жататын, оның ішінде әкімшілік істерді қарау кезінде қатысуы қажет адамдарды шақыру жөніндегі басқа да істерді белгіленген мерзімдерде қарау бойынша шаралар қабылдайды. Адамдарды шақыру фактісін растайтын құжаттар әкімшілік істерге қоса тігіледі;

      5) әкімшілік істер бойынша енгізілген қаулыларды орындау бойынша шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2017 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      10. Соттардың қарамағына берілген әкімшілік істер осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Алфавиттік журналға тіркеледі, онда әкімшілік практика бөлінісінің қызметкері не жауапты қызметкер әкімшілік істі сотқа жолдағаннан кейін, тиісті бағанға ілеспе хаттың шығыс нөмірін және жіберілген күнін көрсете отырып, "сотқа жолданды" деген жазба жүргізеді.

      11. Әкімшілік істердің ведомстволық автоматтандырылған есебі жүзеге асырылатын ішкі істер органдары бөліністерінде журналдарды жүргізу міндетті емес.

      12. Әкімшілік істерді есепке алу жөніндегі ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйе "ББСЖ" есепке алу жүйесімен біріктірілген кезде әкімшілік істерді "ББСЖ" есепке алу жүйесінде тіркеу жүзеге асырылмайды.

      Бұл жағдайда әкімшілік істерді тіркеу, есепке алу және беру компьютерден басып шығару (квеста) бойынша жүргізіледі, олар тиісті істерге тігіледі.

      Тіркелген әкімшілік істердің компьютерден басып шығарған даналары жеке істерге қалыптастырылады.

      13. Ұсталған көлік құралдарын тіркеу және есепке алу үшін әкімшілік практика бөлінісі не жауапты қызметкер осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұсталған көлік құралдарын тіркеу журналын жүргізеді.

      Ұсталған көлік құралдарын арнайы алаңнан немесе тұрақтардан беру кезінде ұсталған көлік құралын беруге рұқсат беру осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады, ол көлік құралының иесіне қол қою арқылы беріледі.

      14. Алынған мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілері (бұдан әрі – МНТБ) осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес Алынған МТНБ тіркеу журналына тіркеуге және есепке алуға жатады.

      14-1. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын кемені ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу туралы акті осы Нұсқаулыққа 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.

      Ескерту. Нұсқаулық 14-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2017 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      15. Басқа ІІО келіп түскен әкімшілік істер осы Нұсқаулыққа

      11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Басқа ІІО келіп түскен әкімшілік істерді тіркеу журналына тіркеледі.

      16. Бөліністің ішінде әкімшілік істер қоса берілген құжаттармен бірге қызметкерден қызметкерге осы Нұсқаулыққа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарату кітабы (бұдан әрі – тарату кітабы) бойынша қол қою арқылы беріледі.

      17. ІІО басқа бөліністеріне әкімшілік істер тапсырыс хат-хабарлармен жіберіледі немесе тарату кітабы бойынша беріледі, бұл туралы тиісті бағанға белгі қойылады.

      18. Әкімшілік істер, алынған МТНБ сейфтерде (металл шкафтарда) сақталады. Сейфтердің (металл шкафтардың) сенімді құлыптары болуы тиіс және олар мөрленуі қажет, олар рұқсат тек әкімшілік практика бөлінісінің қызметкерлерінде немесе жауапты қызметкерде ғана болуы тиіс.

      19. Әкімшілік практика бөлінісінің басшысы не жауапты қызметкер:

      1) мыналарды:

      әкімшілік істерді салынған қаулыларды орындау бойынша шаралар қабылдау үшін (Кодексте көзделген жағдайларда – қарау үшін) құқық бұзушының тұрғылықты жері бойынша ІІО-ға;

      айыппұлдар салу туралы қаулыларды жұмыс орны немесе жауапкершілікке тартылған адам сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымға оның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен мәжбүрлі түрде айыппұл сомасын ұстап қалу үшін;

      айыппұлдар салу туралы қаулыларды мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына, оның ішінде электронды нысанда айыппұлдар төлеу қажеттілігі туралы ұйғарымдарды уақтылы жолдауды;

      2) мыналарды:

      ІІО бөліністерінің қатаң есептіліктегі бланкілердің бар болуы және дұрыс шығысталуын;

      ІІО деректерімен медициналық куәландыру мекемелеріне жеткізілген адамдар бойынша;

      сотқа жіберілген және келіп түскен әкімшілік істерді;

      қамауға алу түріндегі әкімшілік жазалау туралы енгізілген және орындалған соттардың қаулыларын;

      жұмыс орны немесе жауапкершілікке тартылған адам сыйақы, зейнатақы, стипендия алатын ұйымға оның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен мәжбүрлі түрде айыппұл сомасын ұстап қалу үшін жіберілген қаулыны орындау бойынша;

      атқару өндірісі органдарымен жіберілген және мәжбүрлі тәртіпте орындалған қаулыларды, ұйғарымдарды;

      ІІО-да тіркелген әкімшілік істерді ҚСжАЕАК деректерімен (тоқсан сайын) ай сайынғы салыстыра тексеру жүргізуді;

      3) құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпараттық алмасу жүйесі арқылы ұсынылған төлем құжаттарына сәйкес төленген әкімшілік айыппұлдар сомаларының бюджетке іс жүзінде түсуі мәніне тексеруді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2017 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      20. Осы Нұсқаулықтың 19-тармағының 2) тармақшасында көзделген жүргізілген салыстыра тексерудің нәтижелері осы Нұсқаулыққа 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті актімен ресімделеді. Салыстыра тексеру нәтижелері туралы әкімшілік практика бөлінісінің басшысы не болмаса жауапты қызметкер ІІО басшысына баянат арқылы баяндайды, ол заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тексеріс тағайындайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2017 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      21. Әкімшілік практика бөліністерінде әкімшілік өндірістің заңдылығы мен уақтылығын бақылауды төменгі тұрған органдарға қатысты жоғары тұрған орган жүзеге асырады.

      22. Аумақтық, көліктегі ішкі істер департаменттерінің және Ішкі істер министрлігінің ( бұдан әрі – ІІМ) Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары жылына кемінде бір рет төменгі бөліністердің әкімшілік қызметінің жай-күйіне кешенді тексерісті ұйымдастырады.

      23. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2017 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      24. Тексеріс нәтижелері бойынша тексеру жүргізген лауазымды адамдар және тексеру жүргізілген ІІО бөліністерінің басшылары қол қоятын анықтама жасалады.

      25. Олар бойынша іс жүргізу аяқталған әкімшілік істер, сондай-ақ қатаң есептегі бүлінген бланкілер номенклатуралық істерге тігіледі және әкімшілік практика бөліністерінің мұрағаттық үй-жайларында (шкафтарында) немесе ІІО мұрағаттарында сақталады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2017 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      26. Істердегі парақтар нөмірленеді және соңғы парағында нөмірленген парақтардың саны туралы растау қолы қойылады. Олар бойынша іс жүргізу аяқталған әкімшілік істер бар әрбір номенклатуралық істің мынадай мәліметтерді: құқық бұзушының тегін және аты-жөнін, хаттаманың нөмірін, Кодекстің бабын, әкімшілік жазаның түрін, салынған айыппұлдың сомасын, парақтар нөмірін қамтитын тізімдемесі болуы тиіс.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2017 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
  Нысан

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ___ № ___________ ХАТТАМА

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2017 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      20 ___ жылғы "____" _______ сағ. ____ мин. _________________________________________

      (толтырылған жері)

      Хаттаманы толтырған адамның лауазымы, атағы, тегі және аты-жөні _____________________

      ________________________________________________________________________________

      Оған қатысты іс қозғалған адам туралы мәлімет:

      Жеке тұлғалар үшін:

      Тегі

      Аты

      Әкесінің аты

      Азаматтығы:____________________Туған күні және жері: ______________________________

      Тұрғылықты жері: ________________________________________________________________

      Телефонның абоненттік/факстің/ұялы байланыстың нөмірі______________________________

      Электрондық мекенжайы __________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат:__________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, берілген күні, кім берді)

      ЖСН № ____________________ Жұмыс (оқу) орны/лауазымы: __________________________

      Заңды тұлғалар үшін:

      Атауы:__________________________________________________________________________

      Заңды мекенжайы:________________________________________________________________

      Мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні:_________________________ БСН № ________________

      Көлік құралының маркасы: ___________КҚТК___________ жылы берілген МТНБ __________

      Бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары немесе (және) соттылығының болуы туралы

      мәліметтер ______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жасалған күні, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің,

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің бабы)

      Қаралатын іс бойынша өндірісті жүргізу тілі белгіленсін: ______________________________

      Әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған орны, уақыты және мәні: _______________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      осылайша, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс ________

      бабының _____________________ бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған.

      Метрологиялық тексерудің атауы, нөмірі, күні, техникалық құралдың көрсеткіштері:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндіріске қатысушылар туралы мәліметтер:

      куә, куәгер, жәбірленуші, жеке (заңды) тұлғаның заңды өкілі, қорғаушы, аудармашы

      (қажетінің астын сызу керек)

      1. ______________________________________________________________________________

      (адамның тегі, аты-жөні және тұрғылықты жерінің мекенжайы)

      2. ______________________________________________________________________________

      (адамның тегі, аты-жөні және тұрғылықты жерінің мекенжайы)

      Құқықтары мен міндеттері түсіндірілді: 1._________________ 2. ______________

      (қолы)                  (қолы)

      Жеке тұлғаның (заңды тұлға өкілінің) түсініктемесі: ___________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қолы)

      Істі шешу үшін қажетті өзге де мәліметтер:____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (адамға қатысты қолданылған өндірісті қамтамасыз ету шарасы;

      ________________________________________________________________________________

      Дербес жалақысы жоқ, 16-дан бастап 18-ге дейінгі жастағы адамға қатысты хаттама

      ________________________________________________________________________________

      толтырылған жағдайда ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың тегі, аты-

      ________________________________________________________________________________

      жөні, тұрғылықты жері және жұмыс орны, атқаратын лауазымы: және басқа да мәліметтер)

      ________________________________________________________________________________

      Хаттамаға қоса беріледі:___________________________________________________________

      (хаттамаға қоса берілетін құжаттар мен заттардың тізбесі)

      ________________________________________________________________________________

      Істі қарау үшін:___________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      _________________ мекенжайы бойынша "___"________20___ж. сағат____ мин. келу қажет.

      Қолдары: хаттаманы толтырған адам ________________________________________________

      жәбірленуші (жәбірленушілер) _____________________________________________________

      куә _____________________________________________________________________________

      куәгерлер 1. _____________________ 2. ______________________________________________

      Заңгерлік көмек қажет / қажет емес (қажетінің асты сызылады) __________________________

      (қолы)

      Аудармашы қажет / қажет емес (қажетінің асты сызылады) ______________________________

      (қолы)

      Хаттамамен таныстым, көшірмесін алдым 20 ___ жылғы "___"_______

      _________________________

      (қолы)

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 744-бабында

      көзделген құқықтар мен міндеттер маған түсіндірілді ______________________

      (қолы)

      Уақытша куәлік алдым 20 ___ жылғы "___"__________________ ___________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
  Нысан

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша ҚАУЛЫ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2017 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      20 ____ жылғы "____"____________                  _________________________________

      (істі қарау орны)

      Қаулыны енгізген адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні _____________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 685,821, 822-баптарына сәйкес,

      Жеке тұлға: _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Туған күні және жері: _____________________________________________________________

      Тұрғылықты жері: ________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаты: ________________________________________________

      (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, берілген күні, кім берді)

      ЖСН № _________________________ Жұмыс орны:____________________________________

      Заңды тұлға:

      Атауы: _________________________________________________________________________

      Заңды мекенжайы: _______________________________________________________________

      Мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні:___________ БСН № _______ жасаған құқық бұзушылық

      туралы әкімшілік өндірісті қарап,

      Қаралатын іс бойынша өндірісті жүргізу тілі белгіленсін:________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (Әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған орны, уақыты және мәні)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда көрінген, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық

      бұзушылықтар туралы кодекс _______ бабының ________ бөлігін бұзғаны үшін

ҚАУЛЫ ЕТТІМ

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты; заңды тұлға үшін - толық атауы)

      сомасы ______________________________ теңге әкімшілік айыппұл салуға.

      (сомасы толық жазылады)

      ________________________________________________________________________________

      (қаулыны енгізген адамның лауазымы, атағы, тегі және аты-жөні, қолы)

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 893-бабына

      сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам айыппұлды қаулының заңды күшіне енген

      күннен бастап күннен кешіктірмей төлеуі тиіс.

      Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды айыппұл салу туралы

      қаулыны енгізген органға (лауазымды адамға) хабарлай отырып, жеке тұлға немесе заңды

      тұлға _________________________________ банктің есеп шотына енгізеді немесе аударады.

      Айыппұлды белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік

      құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 894, 895-баптарының ережелері қолданылады.

      Осы қаулыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 45-

      47-баптарына сәйкес шағымдану мүмкін.

ҚОЛХАТ

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы көшірмесін алдым, айыппұлды төлеу

      тәртібі маған түсіндірілді

      20___ жылғы "___" ___________. _____________________________

      (қолы)

      Алынған ___________________________ алдым 20___ жылғы "___" ___________. __________

      (алынған заттар мен құжаттар көрсетіледі)                        (қолы)


  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
  Нысан

Алынған жүргізуші куәлігінің орнына берілетін уақытша куәлік

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2017 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА
РЕСПУБЛИКАСЫ KZ КАЗАХСТАН

Уақытша куәлік көлік құралдарын басқару үшін Қазақстан Республикасы ӘКБтК ___________ бабы бойынша 20___ ж. "___" __________ алынған ________ сериялы _______________ нөмірлі жүргізуші куәлігінің орнына беріледі.
Временное удостоверение выдано на право управления транспортными средствами взамен водительского удостоверения серии ________ № _______________, изъятого "___" _________ 20___ г. по ст. ___________ КРКоАП.
Жеке басын куәландыратын құжаты бар болған кезде берілген күннен бастап 30 тәулік мерзімге жарамды.
Действительно в течении 30 суток со дня выдачи при наличии документа удостоверяющего личность.
Кім берді_________________________
(куәлік берген адамның лауазымы, атағы, аты-жөні)
Кем выдано________________________
(должность, звание, фамилия и инициалы лица, выдавшего удостоверение)
"___" _______20___ ж.; г._________
(берілген күні, лауазымды адамның қолы; дата выдачи, подпись должностного лица)
Жарамдылық мерзімі 20___ ж. "___" _________ дейін ұзартылды.
Срок действия продлен до "___" _________ 20___ г. М.О. М.П.
__________________________________
(уақытша куәліктің жарамдылық мерзімін ұзартқан адамның қолы, лауазымы, атағы, аты-жөні; подпись, должность, звание, фамилия и инициалы лица, продлившего срок действия временного удостоверения)

УАҚЫТША PERMIS ВРЕМЕННОЕ
КУӘЛІК DE CONDUIRE УДОСТОВЕРЕНИЕ
01 № 0000000
(уақытша куәліктің сериясы және нөмірі; серия и номер временного удостоверения)
1.________________________________
(тегі; фамилия)
2.________________________________
(аты, әкесінің аты; имя, отчество)
3.________________________________
(туған күні және жері; дата и место рождения)
4.________________________________
(тұрғылықты жері, место жительства)
5. Жарамдылық мерзімі:
Действительно до: "___" _____
20 ___ ж.; г.
6. Рұқсат етілген санаттары:
Разрешенные категории: А; В; С; D; BЕ, CE, DE
A1, B1, C1, D1,C1E, D1E
(керек емесін сызып тастаңыз; ненужное вычеркнуть)

Фотаға арналған орын;
Место для фото
М.О.М.П

_________________________________
(иесінің қолы;подпись владельца)
Фотосуретті иесі өз қалауы бойынша өздігімен қоса береді
Фотография прилагается владельцем самостоятельно по его желанию

  Қазақстан Республикасы
  ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша

      Нысан

Қатаң есептіліктегі бланкілердің кірісі және шығысталу журналы

      Басталды: 20 ___ жылғы "___"________

      Аяқталды: 20 ___ жылғы "___"________

I бөлім. Бланкілердің кірісі (бастапқы 10 парақ)

р/с

Келіп түскен күні

Бланкілер қайдан келіп түсті негіздеме (ілеспе құжаттың, сенімхаттың және басқалардың нөмірі)

Бланкілердің атаулары

Саны

Сериясы № ___ бастап

№ ______ дейін

Бланкілерді алдым (лауазымы, тегі, аты-жөні, қолы)








II бөлім. Бланкілердің шығысталуы (11-парақтан бастап және
одан әрі)

р/с

Берілген күні

Бланкілердің атаулары

Саны

Сериясы № ___ бастап

№ ______ дейін

Бланкілерді алдым (лауазымы, тегі, аты-жөні, қолы)

Салыстыра тексеру нәтижелері туралы белгі








  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша

      Нысан

Әкімшілік істерді есепке алу журналы

      Басталды: 20 ___ жылғы "___"________

      Аяқталды: 20 ___ жылғы "___"________

р/с

Хаттама №

Толтырылған күні

Құқық бұзушының тегі, аты-жөні

Құқық бұзушылық түрі (ӘҚБтК бабы)

Қоса берілген құжаттар

Әкімшілік практика бөлінісі қызметкерінің немесе жауапты адамның әкімшілік істі алғаны туралы қолы

Әкімшілік істі алған күні

Ескертпе



















  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша

      Нысан

Әкімшілік істерді тіркеу журналы

      Басталды: 20 ___ жылғы "___"________

      Аяқталды: 20 ___ жылғы "___"________

р/с

Хаттама №

Құқық бұзушының тегі, аты-жөні

Туған күні

Құқық бұзушылық түрі (ӘҚБтК бабы)

Қоса берілген құжаттар

Азаматтығы

Жұмыс орны

Істі қарау күні және іс бойынша қабылданған шешім

Іс бойынша қабылданған шешімді орындау күні

Қаулы орындалғаннан кейін істі сақтайтын томның нөмірі немесе іс қайда жолданды (органның, бөліністің атауы, шығ. №, күні)























  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша

      Нысан

Алфавиттік журнал
(сотқа бағынысты әкімшілік істі тіркеуге арналған)

      Басталды: 20 ___ жылғы "___"________

      Аяқталды: 20 ___ жылғы "___"________

р/с

№ хаттама

Құқық бұзушының тегі, аты-жөні

Құқық бұзушылық түрі (ӘҚБтК бабы)

Қабылданған шешім

Жолданған күні, шығыс №

Істі жолдаған лауазымды адамның тегі, аты-жөні















  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша

      Нысан

Ұсталған көлік құралдарын тіркеу және есепке алу журналы

      Басталды: 20 ___ жылғы "___"________

      Аяқталды: 20 ___ жылғы "___"________

р/с

Ұсталған күні және уақыты

КҚ маркасы

МТНБ

КҚ тиесілігі

Ұстауға негіздеме

(ӘҚБтК бабы және басқалар)

Хаттама №

КҚ ұстаған адамның лауазымы, тегі, аты-жөні










      Кестенің жалғасы

КҚ алуға рұқсат беру күні

КҚ алуға рұқсат беруге негіздеме

КҚ алуға рұқсат алған адамның тегі, аты-жөні

Рұқсат алу туралы қолы

КҚ алуға рұқсат берген адамның лауазымы, тегі, аты-жөні

Ескертпе







  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
9-қосымша

      Нысан

Ұсталған көлік құралын беруге рұқсат № ______

      _______________________________ көлік құралын беруді сұраймын.

      (маркасы)

      Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі _________________________________

      Құжаттың атауы ________________ сериясы ______ нөмірі _______________

      Алушының тегі, аты жөні _____________________________________________

      Ұстау себебі ________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (рұқсат берген лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегі, аты жөні)

      20___ жылғы "____"____________ ____________________________ М.О.

      (лауазмды адамның қолы)

      20 ___ жылғы "____" ___________ № _______ акті бойынша ұсталған көлік құралы 20 ___ жылғы "____" ____________ берілді.

      _____________________________________________ тұрақ бойынша кезекші

      (тегі, аты-жөні)

      _____________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
10-қосымша

      Нысан

Алынған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерді тіркеу журналы

      Басталды: 20 ___ жылғы "___"__________

      Аяқталды: 20 ___ жылғы "___"__________

р/с

МТНБ

Алынған күні

МТНБ алған қызметкердің тегі, аты-жөні, лауазымы атағы

Алу себебі (ӘҚБтК)

Хаттаманың № толтырылған күні

Қабылданған шешім

МТНБ алғаны туралы жүргізушінің қолы

















  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
11-қосымша

      Нысан

Басқа ІІО келіп түскен әкімшілік істерді тіркеу журналы

      Басталды: 20 ___ жылғы "___"________

      Аяқталды: 20 ___ жылғы "___"________

р/с

Келіп түскен күні

Қайдан келіп түсті

Хаттаманың № және сериясы

Қоса берілген құжаттар

Құқық бұзушылық түрі (ӘҚБтК бабы)

Материалды алған адамның лауазымы, тегі, қолы















  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
12-қосымша

      Нысан

Әкімшілік істерді тарату кітабы

      Басталды: 20 ___ жылғы "___"________

      Аяқталды: 20 ___ жылғы "___"________

Р/с

Күні

Хаттама №

Қоса берілген құжаттар

Әкімшілік істі алған адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні

Әкімшілік істі алған адамның қолы

Ескертпе















  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
13-қосымша
  Нысан

Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу туралы АКТІ

      Ескерту. Бұйрық 13-қосымшамен толықтырылды– ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2017 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      20__ года "___" _______ уақыт "___" сағ. "____" мин. __________________________________

      (толтырылған орны)

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегі және аты-жөні)

      ӘҚБтК 797-бабына сәйкес, куәлердің қатысуымен:

      1)______________________________________________________________________________

      (ТАЖ, т.ж., тұрғылықты мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжат, байланыс тел. нөмірі )

      2)______________________________________________________________________________

      (ТАЖ, т.ж., тұрғылықты мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжат, байланыс тел. нөмірі )

      Құқықтары мен міндеттері түсіндірілді: 1)________________      2)________________________

      (қолы)                  (қолы)

      _____________________________________________________________________қатысуымен

      (көлік құралының, кеменің немесе шағын кеменің иесі, өзге де тұлғалар)

      құқықтары мен міндеттері түсіндірілді _____________________________________________

      (қолы)

      Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстау, жеткізу және пайдалануға

      тыйым салу туралы актіні толтырды, оларды арнайы алаңдарға уақытша сақтау үшін жеткізу

      жолымен, оның ішінде басқа көлік құралын (эвакуаторды), кемені немесе шағын көлемді

      кемені пайдалана отырып; мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерді алу.

      (қажетінің асты сызылсын)

      Көлік құралы, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме туралы мәлімет:

      Маркасы, моделі:________________________________________________________________,

      МТНБ__________________________________________________________________________,

      КҚТК __________________________________________________________________________

      (сериясы, нөмірі, берілген күні)

      Көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің меншік иесі туралы мәлімет

      ________________________________________________________________________________

      (ТАЖ, тұрғылықты мекен жайы)

      Көлік құралы, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме жүргізушісі жол берген құқық

      бұзушылық мәні _________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің техникалық жай-күйі_______

      ________________________________________________________________________________

      (ақаусыз/ақаулы, ішкі бүлінулері)

      Жабдықталуы, жүктің және т.б. бар болуы ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Актіге қоса беріледі:______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Куәлер: 1)__________________________ 2)_______________________________

      (қолы, тегі және аты-жөні)            (қолы, тегі және аты-жөні)

      Көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің иесі

      ________________________________________________________________________________

      (қолы, тегі және аты-жөні)

      Өзге адамдар:____________________________________________________________________

      (қолы, тегі және аты-жөні)      

      Актіні толтырған лауазымды адам__________________________________________________

      (қолы, тегі және аты-жөні)      

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
14-қосымша
  Нысан

Қатаң есептіліктегі бланкілердің бар болуын және ІІО бөліністерінің дұрыс шығыстауын салыстыра тексеру
АКТІСІ

      Ескерту. Бұйрық 14-қосымшамен толықтырылды– ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2017 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен


р/с

Қатаң есептіліктегі бланкілердің сериясы, нөмірі ___ бастап _____дейін

Алған күні

Қатаң есептіліктегі бланкілерді алған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні

Пайдаланылмаған қатаң есептіліктегі бланкілердің сериясы, нөмірі

Бүлінген қатаң есептіліктегі бланкілердің сериясы, нөмірі

Ескертпе








Медициналық мекемелерге куәландыруға жеткізілген адамдар бойынша салыстыра тексеру
АКТІСІ


р/с

Жеткізу күні, уақыты

Куәландыруға жеткізілген адамның тегі және аты-жөні (бар болған жағдайда)

Жеткізу себебі

Жолдама берген адамның лауазымы, тегі және аты-жөні

Қорытынды нөмірі, куәландыру нәтижесі

Қабылданған шаралар (әкімш.хаттама, АЕК, СДТБТ нөмірі)

Ескертпе









Сотқа жолданған және келіп түскен істерді салыстыра тексеру
АКТІСІ


р/с

Құқық бұзушының ТАЖ

Хаттама нөмірі, толтырылған күні

Құқық бұзушылықтың саралануы (ӘҚБтК бабы, бөлігі)

Жолдау күні, шығыс №

Сотқа келіп түскен күні, кіріс №

Іс бойынша қабылданған шешім








Қамаққа алу түрінде әкімшілік жазалау туралы соттың енгізілген және орындалған
қаулылары бойынша салыстыра тексеру
АКТІСІ


р/с

Әкімшілік қамаққа алуға тартылған адамның ТАЖ

Соттың атауы, қаулының енгізілген күні, қамаққа алу мерзімі

Құқық бұзушылықтың саралануы (ӘҚБтК бабы, бөлігі)

Қамаққа алу күні және уақыты

Босатылған күні және уақыты

Ескертпе








Жауапкершілікке тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен
мәжбүрлеу тәртібінде айыппұл сомасын ұстап қалу үшін ол сыйақы, зейнетақы,
стипендия алатын жұмыс орны немесе ұйымға жолданған қаулыларды орындау
бойынша салыстыра тексеру
АКТІСІ


р/с

Құқық бұзушының ТАЖ

Хаттама нөмірі, толтырылған күні

Құқық бұзушылықтың саралануы (ӘҚБтК бабы, бөлігі), салынған айыппұл сомасы

Жұмыс орны немесе ұйым атауы

Хаттаманы жолдаған күн, шығыс №

Орындалғаны туралы мәлімет








Жолданған және мәжбүрлі тәртіпте орындалған қаулылар бойынша атқарушылық іс
жүргізу органдарымен салыстары тексеру
АКТІСІ


р/с

Құқық бұзушының ТАЖ

Хаттама нөмірі, толтырылған күні

Құқық бұзушылықтың саралануы (ӘҚБтК бабы, бөлігі), салынған айыппұл сомасы

Хаттаманы жолдаған күн, шығыс №

Атқарушылық іс жүргізу органы қабылдаған шешім

Орындалғаны туралы мәлімет








ІІО-да тіркелген әкімшілік істерді ҚСжАЕАК деректерімен салыстыра тексеру
АКТІСІ


р/с

ІІО деректері бойынша

ҚСжАЕК деректері бойынша

Айырмашылығы +/-

Тіркелген әкімш. істер саны

Салынған айыппұлдар сомасы

Өндірілген айыппұлдар сомасы

Тіркелген әкімш. істер саны

Салынған айыппұлдар сомасы

Өндірілген айыппұлдар сомасы











Дата вступления в силу:  21.01.2014
Дата изменения акта:  30.12.2019
Дата принятия акта:  13.12.2013
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 08.03.2014 ж. № 47 (28271); "Казахстанская правда" от 08.03.2014 г. № 47 (27668)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103003000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  77136
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  713
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  031016000000 / 031012000000
Форма акта:  ИНСТ / ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz