"Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығына

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 08 қарашадағы № 542-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 22 қарашада № 8924 тіркелді

      Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Премьер-Министрінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 119-ө өкімінің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8031 тіркелген, 2012 жылғы 21 қарашадағы № 763-767 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері және қызметкерлердің салалық бірлестіктерімен бірлесіп тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – уәкілетті органдар) кәсіби стандарттарды (бұдан әрі - КС) әзірлеуінің, қайта қарауының, сынақтан өткізуінің және қолдануының бірыңғай тәртібін белгілейді.».
      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. КС-ті әзірлеуді салалық біліктілік шеңберлері негізінде уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің салалық бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.».
      2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А. А. Оспанов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ. Әбсаттаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Т. Дүйсенова