26.07.2013

"Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ДСМ-305/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жылы № 7 болып жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау саласы қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында:

      "Медициналық ұйымдар" деген 1-тарауда:

      "Басшылардың лауазымдары" деген 1-параграфта:

      "Денсаулық сақтау ұйымының басшысы" деген 1-кіші бөлімінде:

      үшінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойынша), "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау" ("Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент") мамандығы бойынша магистратураның және мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      немесе жоғары экономикалық білімнің "Қоғамдық денсаулық сақтау" ("Денсаулық сақтау менеджменті") мамандығы бойынша магистратураның болуы және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойынша), "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау" ("Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент") мамандығы бойынша магистратураның және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы; немесе жоғары экономикалық білімнің "Қоғамдық денсаулық сақтау" ("Денсаулық сақтау менеджменті",) мамандығы бойынша магистратураның болуы және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы.

      аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойынша), "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") мамандығы бойынша сертификаттың болуы немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау" ("Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент") мамандығы бойынша магистратураның/мамандандырудың және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы; немесе жоғары экономикалық білімнің "Қоғамдық денсаулық сақтау" ("Денсаулық сақтау менеджменті") мамандығы бойынша магистратураның болуы және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы.";

      "Денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары (медицина бөлімі жөніндегі, медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі)" деген 2-кіші бөлімде:

      үшінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар:

      республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының медицина бөлімі жөніндегі орынбасары үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойынша), мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау ұйымы басшысының медицина бөлімі жөніндегі орынбасары үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойынша), мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;

      аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының медицина бөлімі жөніндегі орынбасары үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойынша), мамандығы бойынша екінші/бірінші біліктілік санатының және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 1 жыл еңбек өтілінің болуы;

      денсаулық сақтау ұйымы басшысының медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойынша), мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы.";

      "Біліктілік деңгейі жоғары мамандардың лауазымдары" деген 2-параграфта:

      "Қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері (немесе маманы) (валеолог, эпидемиолог, статистик, әдіскер)" деген 13-кіші бөлімде:

      үшінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Жоғары медициналық білімінің ("Емдеу ісі", "Педиатрия", "Жалпы медицина", "Шығыс медицинасы", "Стоматология", "Медициналық-биологиялық іс", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша және "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша қайта даярлық) немесе жоғары медициналық білімінің ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Медициналық-профилактикалық іс" мамандықтары бойынша) болуы.".

      "Денсаулық сақтау менеджері (медициналық қызмет сапасы бойынша, медициналық қызметтің стратегиясы мен маркетингі бойынша, медициналық қызметтер көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша)" деген 14-кіші бөлімде:

      алтыншы бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімінің (бакалавр) (немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Жалпы медицина", "Медициналық-профилактикалық іс", "Шығыс медицинасы", "Медициналық-биологиялық іс", "Стоматология" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім және "Денсаулық сақтау менеджементі" мамандығы бойынша қайта даярлық) болуы.".

      "Біліктілік деңгейі орта мамандардың лауазымдары" деген 3-параграфта:

      "Фельдшер" деген 23-кіші бөлімде:

      үшінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Емдеу ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, арнайы кәсіптік) медициналық білім (немесе "Акушериялық іс" және "Емдеу ісі" мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, сондай-ақ "Зертханалық диагностика", "Фельдшер-зертханашы", "Гигиена, санитария және эпидемиология", "Санитарлық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша, аталған қызметке 2003 жылғы 11 ақпанға дейін іске кіріскен адамдар үшін, "Емдеу ісі" мамандығы бойынша біліктілік арттыру), "Емдеу ісі" мамандығы бойынша маман сертификаты немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, "Жалпы медицина" мамандығы бойынша бакалавриат және біліктілік деңгейі орта маманның сертификаты.".

      "Учаскелік мейірие/ жалпы тәжірибе мейіриесі" деген 26-кіші бөлімде:

      үшінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, арнайы кәсіптік) медициналық білім (немесе "Емдеу ісі", "Акушерия ісі", "Мейіргер ісі" немесе "Емдеу ісі" мамандығы бойынша маман сертификаты, сондай-ақ "Зертханалық диагностика", "Фельдшер-зертханашы", "Гигиена, санитария және эпидемиология", "Санитарлық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандығы бойынша аталған қызметке 2003 жылғы 11 ақпанға дейін кіріскендер үшін "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша біліктілік арттыру) немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат және біліктілік деңгейі орта маманның сертификаты.".

      "Мамандандырылған мейірие" деген 27-кіші бөлімде:

      үшінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, арнайы кәсіптік) медициналық білім (немесе "Емдеу ісі", "Акушерия ісі", тиісінше мамандығы бойынша маман сертификаты, сондай-ақ "Зертханалық диагностика", "Фельдшер-зертханашы", "Гигиена, санитария және эпидемиология", "Санитарлық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандығы бойынша аталған қызметке 2003 жылғы 11 ақпанға кіріскендер үшін "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша біліктілік арттыру) немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат және біліктілік деңгейі орта маманның сертификаты.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (А.Ә. Сыздықова) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асаинова) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау министрі

С. Қайырбекова


      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      ____________ Т. Дүйсенова

      2013 жылғы 30 шілде


Дата вступления в силу:  28.08.2013
Дата изменения акта:  15.01.2021
Дата принятия акта:  26.07.2013
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 26.12.2013 ж. № 282 (28221); "Казахстанская правда" от 26.12.2013 г. № 344 (27618)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103010000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  74438
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  436
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  024000000000 / 002001000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz