"Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағ

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 185-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 шілдеде № 8569 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 14, 20 және 21-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 46-2-жолмен толықтырылсын:

      «

46-2

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҚА

наурыз

қыркүйек

қараша

Ә.Б. Мәтішев

                                                                   »;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 53-1 және 53-2-жолдармен толықтырылсын:

      «

53-1

Рұқсаттар және хабарламалар туралы

ӨДМ

қазан

қараша

желтоқсан

С.М. Жұманғарин

53-2

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ӨДМ

қазан

қараша

желтоқсан

С.М. Жұманғарин

                                                                   »;

      ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «ӨДМ – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов