"Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 526 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 18 наурыздағы № 152 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 наурызда № 8388 тіркелді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 31-бабына сәйкес және мемлекеттік емес секторда қатерлі ісік аурулары бар пациенттерге емдеу-диагностикалық қызметтердің жекелеген түрлеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 526 бұйрығына (Мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылғы 5 қарашадағы № 5847 тіркелген, 2009 жылғы 24 қарашадағы № 179 (1776) Заң газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынатын аурулардың тізбесінде 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қатерлі ісік аурулары, осы аурудың түрімен ауыратын пациенттерге емдеу-диагностикалық қызметтердің жекелеген түрлерін жағдайларын қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша».
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі                     С. Қайырбекова