"2012 - 2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 41/2-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 09 сәуірдегі N 3/5-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 13 сәуірде N 5-19-170 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шемонаиха аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қаңтардағы N 14 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 55, 531-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасында:
      16-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тауарларға арналған декларацияда мәлімделген келісімшарттың есептiк нөмiрiн не мәміле паспортының нөмірін келісімшартта көрcетiлген есептік нөмiрмен не мәмiле паспортының нөмiрiмен салыстыруды;".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов