Атырау қаласы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 1006 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 маусымда № 4-1-166 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 510 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 838 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары Еркеғали Амантайұлы Әлімқұлов Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері болып тағайындалсын.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов