Павлодар облысының 2005 жылғы 4 сәуірдегі "Жергілікті деңгейде мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы" N 110/3 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы N 372/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 қаңтарда N 3354 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі N 245/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.07.2014 N 245/7 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі "Жергілікті деңгейде мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы" N 110/3 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2985 болып тіркелген, 2005 жылғы 26 мамырдағы N 57 "Сарыарқа самалы", 2005 жылғы 28 маусымдағы N 71 "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 2-тармағында "департаменті" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедектерге санаторлық-курорттық емделу жөніндегі жеңілдіктер, әлеуметтік төлемдер беру тәртібі туралы нұсқаулықта:
      1-тармақта "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтың 2) тармақшасында және 7 тармақта:
      "департаментімен" деген сөз "басқармасымен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Халықтық банкі және "Қазпошта" акционерлік қоғамы филиалдарындағы" деген сөздер "екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақ алынып тасталсын;
      9-тармақта "департаментіне" деген сөз "басқармасына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10-тармақта:
      "департаменті" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "департаментіне" деген сөз "басқармасына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтын және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы нұсқаулықта:
      16-тармақта "департаменті" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      17-тармақта "департаменті" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      21-тармақта "департаментіне" деген сөз "басқармасына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      22-тармақта:
      "департаменті" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "департаментіне" деген сөз "басқармасына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Е. Арын